banner

Түркияда 6 мыңнан астам қызметкер жұмыссыз қалды

680

Түркияда 6 мыңнан астам қызметкер жұмыссыз қалды

Түркияда бір күн ішінде 6 мыңнан астам адам қызметінен босатылды, деп хабарлайды 24.kz. Оларға былтыр "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деген айып тағылып отыр. Барлығы – мемлекеттік қызметкер, білім беру саласының өкілдері мен полицейлер.

Айта кетейік, өткен жылдың 16 шілдесіне қараған түні әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған еді. Алайда бұл әрекет жүзеге аспады. Қарулы қақтығыстар кезінде 246 адам көз жұмып, 2 мыңнан астамы жараланған.

Осы оқиғадан кейін бүлікке қатысы бар деген күдікпен 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды. Былтыр шілдеде елде 3 айға төтенше жағдай жарияланған. Бұл тәртіп сол уақыттан бері ұзартылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу