Тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік карточкасын енгізу ұсынылды

773

Тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік карточкасын енгізу ұсынылды

Коммунистік партия өкілдері тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік карточкаларын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды arhar.kz.

"Қоғамда кедейлікпен және табыстардың жіктелуімен күресудің бірден бір механизмі — тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік карточкаларын енгізу керек!". Коммунистік партия өкілдері осындай ұсыныс жасап отыр.

Коммунистердің ОҚО өңірлік комитеті "Қазақстандағы инфляция. 2018 жылдан не күтеміз?" тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. 2017 жылы елімізде инфляция 7,1 пайызды құраған. ОҚО-да бағаның өсуі тіркелген, қаңтар-қазан айларында негізгі тұтынатын тауарлар мен қызметтердің құны 7,9, ақылы қызметтердің құны 10,6 пайызға өскен.

"Карточкалар енгізілсе, адамдар жұмыс істемей үйреніп үйлерінде отыратын жағдай да болары анық. "Өрлеу" бағдарламасы бар, отбасында ата-аналар балаларды жастайынан еңбекке баулуы тиіс. Жұмыс істеймін деген адамға барлық қолдау бар, мемлекеттік бағдарламалар да көмек қолын созады", - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Ғазиза Байтуғанова.

Қазақстан Коммунистік халық партиясы отандық тауарға деген тұтынушылық сұранысты арттыру бағдарламасымен қатар, кедейлікпен күресу бағдарламасын да қабылдау қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу