Уəли хан мазары кəсіпкердің демеушілік көмегімен абаттандырылуда

954

Уəли хан мазары кəсіпкердің демеушілік көмегімен абаттандырылуда

Ақмола облысында Уəли хан мазары кəсіпкердің демеушілік көмегімен абаттандырылуда, деп хабарлайды inform.kz.

Мазар Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылының оңтүстік-шығыс жақ тұсында орналасқан. 2008 жылы Уəли ханның 270 жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған. Төбесіне жарты айы бар күмбез орналастырылған. Ескерткіштің жалпы аумағы 1920 шаршы метр, қабырғаларының биіктігі 8 метрді құрайды.

Мұндағы бір ерекшелік ол Уəли ханның өзге қазақ хандары сияқты Түркістанда емес, туған жерінде жерленуі болып отыр.  Бұл "Туған жер" бағдарламасы арқылы облыста абаттандырылып жатқан алғашқы ескерткіш.

"Елбасы мақаласында көтерілген Қазақстанның киелі жерлерінің тізімін жасау жобасы қазіргі күні еліміздің барлық өңірлерінде қолға алынып, осы бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде халық үшін киелі орын болып саналатын және ел тарихында елеулі орын алатын жәдігерлерді анықтап, солар жайында жан-жақты мәліметтер жинау, жұртшылыққа оны кеңінен таныстыру бар. Уəли ханның мазарын абаттандыру да сол ауқымды шаралардың басы ғана. Алдағы уақытта өзге де тарихи тұлғалардың зиратын қалпына келтіретін боламыз", - дейді Ақмола облысының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" МКМ-нің директордың міндетін атқарушы Қуаныш  Шақшақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу