Уаз мұнай кеніші цифрлық жүйеге көшіріледі

796

Уаз мұнай кеніші цифрлық жүйеге көшіріледі

Уаз мұнай кеніші цифрлық жүйеге көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың БҚО-ға жұмыс сапары кезінде мәлім еткеніндей, цифрландыру жұмысы "Ембімұнайгаз" және "Казгермұнай" кәсіпорындарында атқарылуда.

"Осы кеніштердегі мұнай өндіру, геофизикалық жұмыстардың бәрі цифрландырылатын болады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің елеулі түрде артуына және ең бастысы, мұнай алу коэффициентінің ұлғаюына әкелуі тиіс. Биыл Уаз кенішінде осының бәрін жасап көреміз. Содан кейін оның көшірмелерін еліміздегі барлық кеніштерде қолданатын боламыз",- деп министр Қанат Бозымбаев жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырып, компанияларға бәсекеге қабілетті болуына септесетінін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу