Украинада 586 пәтері бар депутат анықталды

1488

Украинада 586 пәтері бар депутат анықталды

Украинада мемлекеттік декларацияны жариялау барысында бір басында 586 пәтері бар депутат анықталған. Ақпаратты РБК телеаранасы Рада құжатына сілтеме жасай отырып таратты.

Ирпень қалалық кеңесінің мүшесі Игорь Оверко бірыңғай мемлекеттік тексеруге дейін оның 400-ін сатып үлгеріпті.

Ресми құжатта одан түскен табыс 51,9 млн гривна, яғни 2 млн АҚШ доллар болғаны көрсетілген. Сөйтіп, саясатер меншігінде енді небәрі 186 пәтер ғана қалыпты. 

Көпқабатты жылжымайтын мүліктен бөлек, Оверконың меншігінде 4 котедж бен 18 жер учаскесі бар екен. Негізі, Игорь Оверко Украинадағы танымал кәсіпкердің бірі, жеке құрылыс фирмасының қожайыны.

Дегенмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы мұнша мүліктің қайдан келгенін анықтап жатыр. Ал Оверконың өзі заң бұзбадым деп түсініктеме берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу