Үлескерлер мердігер компанияны сотта жеңіп шықты

641

 Үлескерлер мердігер компанияны сотта жеңіп шықты

10 қарашада үш блоктан тұратын "Магистральный-3" тұрғын үй кешенінің үлескерлері "Атлант Инжиниринг" ЖШС басшылығын сотта жеңіп шықты. Енді екі блок "Аристо – Успех" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қарамағына өтті, деп хабарлайды Астана медиа орталығы. 

"Аристо-Успех" тұрғын үй-құрылыс кооперативі осы жылдың мамыр айында құрылған болатын. Бүгінде оған 200-ден аса адам кіреді. ТҚК төрайымы Зәмзәгүл Темірболат айтқандай, тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылғалы тұрған орнынан қозғала бастаған. 

Мердігерге болашақ үйінің құрылысын сеніп тапсырғандар кәдімгі үлестік салымшылар, олардың тең жартысын – басқа аймақтан келгендер, тағы бір бөлігін мүгедектер мен зейнеткерлер құрайды. Арасында тіпті бүкіл мүлкін сатып, аталмыш тұрғын үй кешенінен баспана алу үшін ұзақ күтіп жүргендері де бар. Бірақ, мердігерлер міндетін жауапсыз атқарғандықтан нысанның құрылысы тоқтап қалған, алдыңғы екі блок аяқталмай қалса, үшінші блоктың құрылысы әлі де бастапқы күйінде тұр. 

"Біздің көптеген үлескерлер 2013-2014 жылдары ақшаларын салды, сол кезде бізге мердігерлер қаланың орталығында ең әдемі "Магистральный-3" ТК-нің үш нысаны бой көтереді деп таныстырған болатын. Алайда, жоба шындыққа сәйкес келмей, адамдар келісім-шартқа қол қойғаннан кейін өз пәтерлеріне кіріп, айтқандарындай болмай шыққанын көрді. Онда екі блок өте сапасыз салынғанын, құрылыстың кемшіліктері көрер көзге ұрып тұрғанын айтты", - деді "Аристо-Успех" ТҚК төрайымы Зәмзәгүл Темірболат. 

Бүгінде "Аристо-Успех" ТҚК барлық ұжымы құрылысы бітпеген нысандардың жер учаскесін заңды түрде алғаннан кейін, әкімдік құрылыстың аяқталуына да көмектеседі деп сенеді. Қазіргі таңда нысан әкімдік өткізетін мердігерлердің жәрмеңкесіне қатысуға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу