Ұн өнімдерін тасымалдау төмендеді

2321

Ұн өнімдерін тасымалдау төмендеді

Ақпанның алғашқы онкүндігінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жүк айналымы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 пайызға өскен. Жүк тиеу көлемі 1,8 пайызға көтерілген, деп хабарлайды railways.kz.
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда астық тасымалы 11 пайызға көтерілді. Оның ішінде елішілік бағдарларға 50,5 мың тонна тасымалданса, 139,7 мың тонна сыртқа шығарылған.
Ұн өнімдерін тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 97% құрады. Ұн өнімдерін тасымалдаудың азаюы, нарықтың ұн өнімдеріне сұранысы азаюы мен Ауғанстандағы ұн бағасының төмендеуі әсерінен болып отыр.
Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы көмір тиеу көлемі өткен жылғы жылу беру маусымына қарағанда сегіз пайызға өсті.
Импорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 1,5 миллион тонна құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 мың тоннаға жоғары көрсеткішті құрады.
Экспорттық бағдардағы жүк көлемі 8,3 миллион тоннаны құрады. Қытаймен шекара өткелінде Қытайға - 26 %, Өзбекстанға - 58 %, Ақтау порты арқылы 27% өсті.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы 361 контейнерлік пойыз өтті. Оның ішінде Қытай- Еуропа бағдарына 135 пойыз, кері қарай Еуропа-Қытай бағдарына -109 пойыз өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу