Универсиада ойындарының басталуына 20 күн қалды

742

Универсиада ойындарының басталуына 20 күн қалды

Алматы төрінде өтетін XXVIII Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының басталуына 20 күн қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Еске сала кетейік, XXVIII Дүниежүзілік Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Оның бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасында), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі  енген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде көптеген шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд адам теледидар арқылы тамашаламақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу