Үшарал-Достық бағытында көлік қозғалысына тыйым салынды

969

Үшарал-Достық бағытында көлік қозғалысына тыйым салынды

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар Үшарал-Достық жолы уақытша жабылды.  Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

 Жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел ұйтқығандықтан, жолды көру мүмкіндігі төмендеген. Сондықтан автокөліктің барлық түріне жолға шығу тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға SMS хабарламаларын таратып, ауа райы туралы мәліметтерді жеткізіп жатыр. Синоптиктердің болжауына қарағанда, таяудағы екі-үш тәулікте аймақта қалың қар жауып, температура төмендейді. Бұл жағдай жол қатынасын қиындатуы мүмкін. Өткен жылы облыстың құтқарушылары қарға кептеліп қалған көліктерден 170 адамды аман алып шығып, көмектерін көрсеткен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу