Жастар өз стартап-жобасын инвесторларға ұсына алады

1600

Жастар өз стартап-жобасын инвесторларға ұсына алады

Жақында Қызылордада алғашқы өңірлік IT-парк жұмысын бастайды. Мұнда талантты жастар өздерінің стартап-жобасын әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарта алады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ІТ-парк жұмысымен танысып, оның цифрландыру жөніндегі бағдарлама аясында маңыздылығын атап өтті.
IT-парк құрамында ақпараттық-тіркеу бөлімі, жұмыс аймағы, презентациялау аймағы, бизнес-келісім аймағы, әңгімелесу-демалыс аймағы, оқыту аймағы, техно-лаборатория (мастерская), 3D студия, серверлік бөлме бар.
Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжигитованың айтуынша, ІТ-паркті құру талантты жастарды қолдап, олар жасаған инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, түрлі лабораториялық симулятор, 2D, 3D графикалық жобаларды әзірлеу мен өндірістегі қолданысын тестілеуге, ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға, өндіріс және облыс дамуының салаларын автоматтандыруға және оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Қызылорда облысының делегациясы үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасындағы Қазан ІТ-Паркының қызметімен танысып, облыста жүзеге асыруға шешім қабылданды.              

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу