Жедел жәрдем станциясы шетелдік компания басқаруына берілді

996

Жедел жәрдем станциясы шетелдік компания басқаруына берілді

Шымкенттегі жедел медициналық жәрдем станциясы шетелдік компанияның басқаруына берілді. Енді түрік компаниясы бес жыл басқарып, сол уақыт ішінде 3,5 миллиард теңге инвестиция құяды. Компания бұл медициналық мекеменің жұмысын әлемдік талапқа сай етіп, қайта құрып шығады, деп хабарлайды khabar.kz. 

Келісімге сай, шетелдік инвестор 74 дана жедел жәрдем көлігін сатып алуға тиіс. Ол орталықтандырылған байланыс жүйесіне қосылып тұратын болады. Дәрігер жолай қолындағы планшет арқылы науқас туралы бар мәліметті емхананың базасынан біліп отырады. Бұл медициналық жәрдемді жылдамдатып, нақты ем жасауға мүмкіндік бермек. Қалада қосымша 14 бригада құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу