Жеті дәмхана өртенді

809

Жеті дәмхана өртенді

Бішкектің оңтүстік-шығысындағы Асанбай шағынауданында жеті дәмхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қазан күні 10:17-де "Бигмар" ЖАҚ ғимаратында өрт тұтанады. Лапылдаған жалын көрші ғимараттарды да шарпып, 3,1 мың шаршы метр аудан өртке оранды.

"Корчма", "Марио", "Бұхара", "Асанбай", "Ганбей", "Барк Лайс" және "Кайзер" дәмханасы өртенді.

Зардап шеккен 13 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу