Жүзуден жастар құрамасының бас бапкері Қазан қаласында көз жұмды

775

Жүзуден жастар құрамасының бас бапкері Қазан қаласында көз жұмды

Қазанда жүзуден жастар құрамасының бас бапкері Алексей Пономаренко дүние салды, деп хабарлайды "Реальное время" агенттігі.
Өлімге жүрек талмасы себеп болуы мүмкін, әзірге қылмыс деуге келетін ешқандай белгі жоқ. 

Қазақстандық спортшылардың тәлімгері Александр Попов кубогының марапаттау рәсімінен оралғаннан кейін өз бөлмесінде көз жұмған. 9 желтоқсан күні жаттықшырушысының бөлмесіне кірген шәкірті оны өлі күйінде тапқан.

Еске салайық, Попов кубогы Екатеринбургтен Қазанға ауыстырылып, өткен аптада өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу