Жыл басынан бері Астанада бизнес-компаниялардың саны 5 мыңға артты

912

Жыл басынан бері Астанада бизнес-компаниялардың саны 5 мыңға  артты

2016 жылдың 1 қарашасында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 33,6 мың бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5247 субъектіге немесе 18,5%-ға өсті, деп хабарлайды Статистика департаменті.

Соның ішінде 97,7%-ы – шағын, 1,5% – орта және 0,8% ірі болып табылады. Олардың негізгі саны "Алматы" –  49,8% және "Сарыарқа" – 31,4% аудандарында шоғырланған.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны сауда – 24,9%, құрылыс – 23,5%, өзге де қызметтерді көрсету – 9,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 7,8%, өнеркәсіп саласы – 5,6%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 5,2% салаларына шоғырланған.

Үстіміздегі жылдың қазан айында 552 компания бастапқы тіркеуден өтті, ал бизнестің 75 субъектісі таратылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу