Жыл сайын 380 мың адам өндірістік апаттан қаза табады екен

875

Жыл сайын 380 мың адам өндірістік апаттан қаза табады екен

Жыл басынан бері 317 адам өндірістік жарақат алды. Бұл туралы бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен баспасөз мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) соңғы мәліметтері бойынша, өндіріс басында және жұмысқа байланысты аурулардан жыл сайын 2,78 млн жұмысшы көз жұмады екен.

Олардың 2,4 млн-ы (86,3 пайызы) жұмысқа байланысты аурулардан қайтыс болады, ал 380 мыңы (13,7 пайызы) өндірістегі оқыс жағдайдан қаза табады екен.

Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың айтуынша 2017 жылы еңбек құқының сақталуына байланысты тексерілген қазақстандық кәсіпорындардағы 1,7 млн жұмысшының 370 мыңы немесе әрбір төртінші қызметкердің (23,0%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтінін жеткізді.

"Әрбір екінші қызметкер (44,2%) жұмыс орнында аса шулы (вибрация) жағдайында еңбек етеді.  Ал, әрбір үшінші еңбеккер  (33,7%) жұмыс орнында газ бен шаң мөлшерінің белгіленген нормадан көп жағдайына тап болады. 84,6 мың адам ауыр жұмысқа жұмылған (бұл зерттелген кәсіпорын қызметкерлерінің 5,1%)", - деді Ақмәди Сарбасов.

Сонымен қатар комитет басшысы мемлекеттік қадағалаудың басты бағыттарының бірі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналғанын баяндады. Төраға соңғы үш жылдың ішінде зардап шеккендердің саны азаю динамикасына назар аударып, бұл көрсеткіштің 16% төмендегеніне тоқталды.

Тау-металлургиялық кешендерінде жапа шеккендер қатары 16,0%, ал құрылыс саласында 15,2% құрайды.

2018 жылдың бірінші тоқсанында өндірісте зардап шеккендердің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 % төмендеп, 317 адамды құрады.

Еңбек кодексінде құрамына жұмысберушілер мен жұмысшылардың өкілдері кіретін Өндірістік кеңестерді құру қажеттігі қарастырылған.  Күні бүгін осындай 12 мыңнан астам кеңес құрылды. 

Мемлекеттік қадағалау нәтижелері көрсеткендей, соңғы 5 жылдың ішінде анықталған заңбұзушылықтардың 30% астамы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласына тиесілі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9920 тексеру жүргізіп, 14892 заңбұзушылық анықтаған. Олардың 4112-сі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ісіне қатысты. Мемлекеттік инспекторлардың талабымен жұмысберушілер 298 лауазымды тұлғаны қызметінен босатқан. 22 қондырғы мен кәсіпорынның жұмысына тыйым салынып, 15 ұйымның қызметі тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу