Зиянды ойыншықтарға қатысты айыппұл 100 есеге өсуі мүмкін

836

Зиянды ойыншықтарға қатысты айыппұл 100 есеге өсуі мүмкін

Сапасыз ойыншықтар сатылымымен айналысатын кәсіпкерлер 2 млн теңгеден аса айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская мәлімдеді.

Оның айтуынша тұтынушылар құқықтарын бұзғандарға тағылатын айыппұл мөлшері өте аз, небәрі 22 мың 690 теңгені ғана құрайды. Сондықтан оның көлемін 100 есеге арттыру ұсынылып отыр. Мәліметтерге сүйенсек, соңғы алты айда аталмыш нарықтағы тауардың 35 пайызы Кеден одағының талаптарына сай болмай отыр. Тексеріс барысында ойыншықтардың құрамында формальдегид сынды қауіпті заттар мөлшерден артық екені байқалған. Ал, былтырғы жылы елдегі 1 мың 600 тауардың 40 пайызға жуығы сапасыз екені анықталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу