"АрселорМиттал Теміртау" кәсіподақтарға "майдан" ашты

1922

Компания жеңетін болса, онда шамамен 29 млн доллар үнемдейді.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіподақтарға "майдан" ашты

Бірінші қыркүйектен бастап жаңа ұжымдық келісімшарттың мақұлданған бөлімдеріне кірмеген жеңілдік пен кепілдердің барлық тізімі корпоративтік саясаткерлермен бекітілетін болады деген 29 тамыз күні атқарушы директор Вадим Басиннің бұйрығынан кейін "АрселоМиттал Теміртау" АҚ-та жағдай ушығып кетті. Ашып айтар болсақ, 2013 жылдан 2017 жылдың 31 тамызына дейін қолданылып келген ұжымдық келісімшартта көрсетілген әлеуметтік міндеттемені орындауды енді жұмыс беруші өзінің қалауына қалдырып, оны 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана төлемек.

"Жақтау" металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин компания бұл арқылы жұмыскерлерді кәсіподақтан шығуға шақырып отыр деп есептейді.

"Егер әкімшілік ұжымдық келісімшартта көрсетілген әлеуметтік жеңілдік пен кепілдерді өзі бұйрық беріп әрекет жасайтын болса, онда кәсіподақ не үшін керек?", – деді ол.

Үндемеген үйдей бәледен құтылады
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың кәсіподақтары 2017 жылдың ақпанынан бастап АМТ әкімшілігімен жаңа ұжымдық келісімшарт жасау бойынша келіссөз жүргізді. Бұл келісөздердің барысы жайында ешқандай сөз қозғалмады. Тек тамыз айының басында ұжымдық келісімшарт ережесінің 70%-ның мақұлданғаны белгілі болды.

АМТ басшылығы 2013 жылы елімізде ең үздік деп танылған келісімшарт ережесін қысқартуды қолдап отырғаны аbctv.kz-ке  белгілі болды. Компания ҚР Еңбек кодексінде жазылғанның аясында ғана жұмыс жасамақ.

АМТ әкімшілігінің күресі жай емес, өйткені АМТ-ның (жолдамалар, жеңілдіктер, қосымша ақы және т.б) үш департаметінің ұжымдық келісімшартының құны 29 млн долларды құрайды. Мұндай соманы үнемдеу, компания акционерлерінің табысын арттырып  қана қоймайды, сонымен қатар Люксембургктегі ArcelorMittal компаниясының бас кеңсесіне АМТ-ның қазіргі басшылығының тиімділігін көрсетеді. Ал мұндай жағдайда кәсіподақтың үнсіз отыруы – әртүрлі алып-қашпа әңгіменің туындауына себеп болды.

"АМТ-ның көмір департаменті директоры Евгений Ромащин (бұрынғы украиналық Corum Group директоры-автор еск.) қарағандылық шахтаға Украинадан үңгушілер бригадасын әкеліп, қазақстандықтардың жұмыс орнын тартып алғанда кәсіподақ қайда қарап отырды?", – дейді қоғам қайраткері Мұхтар Тінікеев.

Кәсіподақ басшылары тіпті осы жылдың мамыр айында "АрселорМиттал Кривой Рог" жұмыскерлерінің жалақысы 25-75%-ға көтерілген кезде де үндемеген.

Тек үш ай өткеннен кейін ғана 1 тамыз күні темір және көмір департаменттері еңбек ұжымдарының конференциясында "АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлерінің еңбек жалақысын 30%-ға көтеру туралы талап қойды.

Конференциядан кейін АМТ әкімшілігі кәсіподақтармен күресуді қолға алды. Қазақстанға Украинадан келген қызметкерлер бойынша директор Анна Адом тамыз айының ортасында комбинат бөлімшелерінің басшыларымен және шахта директорларымен кездесіп, олардың кәсіподақ құрамынан шығуын талап етті.

Ол әңгіме барысында нақты бір шешім қабылдауды қатты талап етті, сонымен қатар әкімшілік пен жұмыскерлер арасында ашық қарсылық туындайтын болса, кімнің сөзін сөйлейтіндіктерін сұрады. Сондай-ақ abctv.kz дерекөзінің мәліметі бойынша, кәсіпорын басшылығы жұмыскерлерді "Жақтау" және "Қорғау" кәсіподақтарынан шығып, өздерінің жақында компанияның инженерлік-техникалық жұмыскерлері үшін құрылған "Бірлік" еншілес кәсіпорындарына кіруге үгіттеген.

Сонымен қатар "егер компания бәрін өзі беретін болса, жұмыскерлерге кәсіподақ неге керек?" деген ресми емес ұран арқылы 2017 жылдың 31 тамызына дейін ұжымдық келісімшартта қолданылып келген жеңілдіктерді компанияның корпоративтік саясатында бекіту жоспарланған. Осылайша кәсіподақ басшыларының ұстанымын әлсіретіп, оларды келіссөз процесінен мүлдем шығарып тастағылары келеді.

Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр
23 тамыз күні "Жақтау" металлургтер кәсіподағының "Магнитка плюс" газеті "әкімшілік басшыларының бірі цех бастықтарымен жиналыс өткізіп, олардан кәсіподақтан шығуды талап еткені" туралы фактіні нақтылады. Осының артынша кәсіподақ төрағасы  Виктор Щетинин АМТ басшылығына тап берді. "Қазір жағдай қатты ушығып тұр. Конференциядан кейін қандай да бір диалог жүргізудің орнына компания басшылығы ашық текетіреске көшкен. Бұл біздің заңымызды және Конституциялық құқымызды бұзу болып саналады. Бұл басқарама тарапынан болып тұрған бірінші ашық текетірес емес. Цехтардағы жағдайды сынаған және әкімшілік атына сын айтқан "Магнитка плюс" газетінің редакторы мен журналисті комбинатқа кіруіне тыйым салып, ақпарат алуына шектеу қойған", – деді ол.

Алайда кәсіподақ сол кезде бұл фактіні жариялағысы келмеген болатын.

Содан кейін Виктор Щетин 20 жылдан артық жұмыс істегенде көптеген шетелдік басшылармен, мамандарды көргенін, олардың барлығы тек жақсы жақтарымен есте қалғанын айтты.

"Бұл басшылардың ешқайсысы кәсіподақ жұмысына араласқан емес. Еш қысым көрсеткен де емес. Ал жаңа мамандар келгеннен кейін, өкінішке қарай, мұндай жағдай орын алып отыр", – деді ол.  

Кәсіподақтар ұжымдық келісімшарттың әркет ету мерзімін жұмыскерлердің өкілі мен басқармасы ортақ бір шешімге келіп, жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойғанға дейін  ұзартуды ұсынды. Келісімшарт жасау бойынша келіссөздер тура бір жыл жүргізілді.

"Алайда біздің өтінішіміз бойынша әрекет ету мерзімі тек осы жылдың 16 қыркүйегіне дейін ғана ұзартылды. Мұндай қысқа мерзімде барлық бөлім мен ережелерді мақұлдап үлгермейміз", – деді кәсіподақ басшысы.

Темірді қызған кезде соғу керек
Өтінімді қабылдаған "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы кәсіподақтың "дер кезінде ұсыныс" жасамағанын айтты.

Еске салар болсақ, осы жылдың мамыр айында "АрселорМиттал Кривой Рог" (АМКР) жұмыскерлері зауыттың басқармасына кіріп, жалақыны көтеруді талап еткен болатын. Бір аптадан кейін Украинадағы ArcelorMittal жұмыскерлерінің жалақысы 25%-дан 70%-ға көтерілген.   

30 тамыз күні "Теміртау металлургі" корпоративтік газетінің бетінде "Не туралы келісті" деген мақала жарық көріп, онда АМТ әкімшілігі атынан ұжымдық келісімшарттың әрекет ету мерзімінің аяқталғаны жазылды. Сонымен бірге "1 қыркүйектен бастап, жеңілдіктерді корпоративтік саясаткерлер бекітетіні туралы шешім қабылданды. Олар жаңа ұжымдық келісімшарттың мақұлданған бөлімдеріне кірмеген жеңілдіктер мен кепілдердің барлық тізімін қамтиды және барлық жұмыскеріне, компания зейнеткеріне  қолданылатын болады. Саясаткерлер жеңілдіктерді 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін өзгермеген күйінде қолданады, бұл уақытқа дейін тараптар әзірлеп, темір және көмір департаменті үшін бірыңғай тәсілді қабылдайды. Сонымен бірге жұмыс беруші әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдерге кететін шығын көлемі төмендемейтініне кепіл береді. Компания басшылығы қазргі және бұрынғы жұмыскерлерін әлеуметтік жеңілдік және кепілсіз қалдырмайды" делінген болатын.

Капитализм құрушылардың  моральдық-еңбек кодексі
Ұжымдық келісімшарттың әрекет ету мерзімі аяқталар тұста АМТ әкімшілігі кәсіподақтардың алдын орап кетті.

Компанияның бұрынғы топ-менеджері abctv.kz-ке "АрселоМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы нені көздеп отырғанын айтты. "Ұжымдық келісімшарттың және келіссөздердің әрекет ету мерзімі аяқталғанын жариялаған әкімшілік мұндай қадамға не себепті барды? ҚР Еңбек кодексінің 10-бабының 3-тармағында "Келісімдер, ұжымдық және еңбек келісімшарттарының  шарты бір жақты тәртіпте өзгертілмейді". Ал 12-баптың 1-тармағы "Жұмыс беруші келісім, ұжымдық келісімшарттарда қарастырылған жағдайда жұмыскерлер өкілінің пікірін есепке ала отырып акт жасайды" деп көрсетілген.

Дереккөздің айтуынша, егер ұжымдық келісімшарт болмаса, онда компания еңбек төлемінің жаңа жүйесін енгізу туралы бұйрық бере алады. Сөйтіп кәсіподақтың мақұлдауынсыз күн сайын өзгеріс енгізе алады. Келіссөз процесінен кәсіподақты тықсырып отырған "АрселорМиттал Теміртау" әкімшілігі дәл осыны көздеп отыр.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тінікеев  барлық мәселені келіссөз барысында шешуге болатынына сенімді.

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу