banner

"Астана Арландары" жартылай финалға шықты

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
1978

Қазақтың былғары қолғап шеберлері Ресей "патриоттарын" тас-талқан етті. 

"Астана Арландары" жартылай финалға шықты Фото: kfb.kz

Ресей боксшыларын Кемеровода жеңдік

Бокстан AIBA-ның WSB жобасы аясындағы жекпе-жектер қызықты кезеңіне жетті. Аталған жобаның ширек финалында "Астана Арландары" Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасымен кездесіп, түзде де (3:2), үйде де (4:1) жеңіске жетті. Жалпы есеп – 7:3.

Екі команда әуелі Кемеровода кездесті. Қазақтың күрзі жұдырықты жігіттері Ресей "патриоттарын" өз жерлерінде тізе бүктірді. Ілияс, Ділмұрат және Сапарбай үшеуі жеңіске жетіп, Теміртас пен Антон ұтылып қалды:

56 келі: Ілияс Сүлейменов – Максим Чернышев – 3:0 (49:46, 48:47, 48:47)

64 келі: Ділмұрат Мижитов – Алексей Мазур – 2:1 (48:47, 47:48, 48:47)

75 келі: Сапарбай Айдаров – Андрей Ковальчук – 3:0 (48:47, 48:47, 48:47)

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Батор Сагалуев – 0:3 (47:48, 47:48, 46:49)

91 келі: Антон Пинчук – Илья Квасников – RSC-1, R2 1:27

Антон Пинчук 4 ақпан күні Мәскеуде өткен, бірінші турда дәл осы боксшыны ұтқан. Бұл жолы өзіне тым сенімді жүріп, абайсызда қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алды. Сөйтіп нокдаунға түсіп қалды. Жекпе-жекті жалғастырғанымен, мұрнынан қан тоқтамай, есесін қайтара алмады. Дәрігерлер оның әрі қарай жұдырықтасуына рұқсат бермеді.

Қазақ жігіттері Қарағандыда да басым болды

Бір аптадан кейін екі команда қазақ топырағында кездесті. Бұл кездесу Қарағанды қаласында өтті. "Астана Арландары" боксшылары бес жекпе-жектің төртеуінде бір бас жоғары тұрды. Сөйтіп жартылай финалға шықты:

52 келі: Олжас Сәттібаев – Иван Абрамов – 3:0

60 келі: Закир Сафиуллин – Шахриёр Ахмедов – 3:0

69 келі: Асланбек Шымбергенов – Шахабас Махмудов – 3:0

81 келі: Арман Рысбек – Имам Хатаев – 3:0

+91 келі: Дмитрий Зиско – Артём Сусленков – 0:3

Өзбектер Куба қабыландарынан күйрей ұтылды

Ширек финалдық төрт жұптың бірінде Куба және Өзбекстан боксшылары кездесті. "Uzbek Tigers" командасы Бостандық аралы жігіттеріне қарсы ең үздік боксшыларын шығарып, өз жерлерінде 3:2 есебімен жеңіске "жеткендерімен", түзде 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.

Самарқандта:

49 келі: Хасанбой Дусматов – Хоанис Архилагос – 3:0

56 келі: Муроджон Ахмадалиев – Хавьер Ибаньес – 2:1

64 келі: Икболжон Холдаров – Энди Круз – 0:3

75 келі: Исраил Мадримов – Арлен Лопес – 3:0

91 келі: Санжар Турсунов – Эрисланди Савон – 0:3

Гаванада:

52 келі: Йосвани Вейтия – Жасур Латипов – 3:0

60 келі: Ласаро Альварес Эстрада – Елнұр Әбдірайымов – 3:0

69 келі: Роньель Иглесиас Сотолонго – Шахрам Гиясов – 3:0

81 келі: Хулио Сесар ла Крус – Бектемир Меликузиев – 3:0

+91 келі: Хосе Лардует Гомес – Баходир Джалолов – 3:0

Британия боксшыларымен айқасамыз

WSB жобасының ширек финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды. Жартылай финалға Қазақстан, Куба, Ұлыбритания және Колумбия клубтары шықты. "Астана Арландары" енді "Бритиш Лайнхартс" боксшыларымен кездеседі.

Ширек финал:

"Astana Arlans" (Қазақстан) – "Patriot Boxing Team" (Ресей) – 7:3

"British Lionhearts" (Ұлыбритания) – "France Fighting Roosters" (Франция)– 6:5

"Cuba Domadores" (Куба) – "Uzbek Tigers" (Өзбекстан) – 7:3

"Colombia Heroicos" (Колумбия) – "Italia Thunder" (Италия) – 6:4

Жартылай финал:

"Astana Arlans" – "British Lionhearts" – 2-3 және 9-10 маусым

"Cuba Domadores" – "Colombia Heroicos" – 2-3 және 9-10 маусым.

Маруан Түсіп 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу