"Қазинвестбанктің" қалған бизнесі "Альфа-банк"-ке өтті

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2127

Банктің реттеу мәселелері әлі шешілген жоқ.

"Қазинвестбанктің" қалған бизнесі "Альфа-банк"-ке өтті

Таратылып жатқан "Қазинвестбанк" (ҚИБ) активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін ресейлік "Альфа-банктің" еншілесі өз иелігіне қабылдамақ. Қоржын 81 млрд теңге мөлшеріндегі жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінен, сондай-ақ  2016 жылдың желтоқсанында банктің лицензиясын алып қойған соң "кептеліп қалған" 3 млрд зейнетақы активі мен корпоративті секторға берілген несиелерден тұрады.

Мәміле туралы 23 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Альфа-банктің" еншілесі "Корпоративті банк" блогының басшысы Андрей Елхов толығырақ әңгімелеп берді. "Альфаның" иелігіне шамамен 20 млрд теңге міндеттеме мен 21 млрд актив ауысады, ал оның сапасы әр түрлі. Жұмыс істейтін және проблемалы активтер араластырылды, бұл қабылдаушы тарап проблемалы ресурстарды реттеу мақсатында жұмыс істейтін несиелерден еркін қаржы алу үшін жасалды.

ҚИБ теңгерімінде 156 млрд теңгенің 15-16 млрд теңгеден астамы жұмыс істейтін құнды қағаз активтері болған еді. "Альфа" жеке тұлғалардың 7,8 млрд теңге депозитін және БЖЗҚ салымшыларының қаражатын толығымен өзіне алады. Сондай-ақ "Альфа" ҚИБ-тың  депозит салған заңды тұлғаларының алдындағы 10 млрд теңге мөлшеріндегі міндеттемелерін өз мойнына алмақ.

"Заңды тұлғаларға депозиттерін қайтару үшін активтер жетіспейді. Сондықтан "Альфаның" ҚИБ-тан қабылдаған активтен соңғы теңгеге дейін қайтарылмайынша, бір теңге де төленбейді, ал оның қайтарымы толық емес", – деп түсіндірді "Альфа-банктің" өкілі.

ҚИБ-тан қарыз алмаған салымшылардың алдындағы міндеттемелер 8 млрд теңгені құрайды. "Дәл соларға біз ақшаны толығымен қайтара алмаймыз деп оферта жасадық. Біз ҚИБ-тың активтерін зерттеп шықтық және қайтарымды бөлігі шамалы деп есептейміз. Біздің бағалауымыз бойынша, нөл теңге тұратын активтер бар, сондай-ақ 50-60% тұратын активтер де бар, бірақ олардың саны аз. Біз осындай салымшыларға қатысып, осы активтерден қаражатын қайтарып алуын ұсындық. Депозиторлардың көбісі бұған келісті", – деп жағдайдың мән-жайын ақтарды Андрей Елхов. Ал "Альфа-банкпен" мәміле жасасудан бас тартқан корпоративті депозиторлар шығарылатын топқа еніп, кезек бойынша депозитінің өтемін алады.

"ҚИБ"-тің корпоративті қарыз алушыларына келер болсақ, "Альфаға" компанияның 10-15%-ы өтеді. Есесіне банк депозит салған заңды тұлғаларға қосымша ауыртпалық салмақ. Мұндай қарыз мөлшері шамамен 9 млрд теңгені құрайды. "Даму" қоры аясында  мемлекеттік бағдарламалар бойынша арнайы қарыз алғандар ҚИБ-те қалады.

Егер "Альфа-банкке" "Даму" бойынша алынған несие түссе, банк оны өз қаражаты есебінен субсидияламайды. "Альфа-банк" "Даму" бағдарламасын өзіне рәсімдесе ғана қарыздарға сибсидия береді.

Ал БЗЖҚ активтеріне келетін болсақ, ҚИБ-те қордың шамамен 9 млрд теңге қаражаты болды. Оның 3 млрд теңгесі – зейнетақы активі, қалған ақша – қорға тиесілі еркін қаражат. Мәміле шарттарына сәйкес, 3 млрд зейнетақы қаражаты "Альфа-банкте" үш жыл жатады. Үш жылдық мерзімге салынған зейнетақы салымының жылдық мөлшерлемесі 8%-ды құрайды (қазіргі инфляция 7,7%). БЖЗҚ-ның өзіне тиесілі 6 млрд теңге қаражаты банкті тарату рәсімін күтіп ҚИБ-та қалады.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, "ҚИБ" акцияларының бір бөлігін "Альфа-банкке" тапсыру мәмілесін табысты деп есептеуге болады.

"Біз істеген ісіміздің нәтижесіне ризамыз. Салымшылар – бұдан бұрын есепшот ашуға келген жеке тұлғалар, олардың шамамен 80%-ы одан әрі қарым-қатынас жасауға дайын екенін білдірді. Депозиторлар – заңды тұлғалар, ірі компаниялар. Жасалған мәміленің арқасында клиенттердің саны айтарлықтай ұлғаяды. Қарыз алған клиенттер де біздің көңілімізден шығады, біз олармен қарым-қатынас жасауды жалғасырамыз деп ойлаймын", – деді "Альфа-банктің" өкілі Андрей Елхов. Спикер Қазақстанда одан әрі даму жоспары бар екенін, алайда бұл мәмілені табыс табу үшін емес, қаражаты "Қазинвестбанкте" қалған корпоративті клиенттеріне көмек көрсету үшін жасағанын айтты.

ҚИБ активтері мен міндеттемелері саудаға қойылған тендерде "Альфа-банк" жеңіске жетті, ол депозиттер мен активтер бойынша қабылданатын міндеттемелер арасында ең төменгі пайыздық қатынасты ұсынды. Ұсыныс 15 банкке жолданды, оның алтауы ұсынысты қабыл алды. "Альфа-банктің" сыйақысы тендердің ендігі қатысушының ұсынысынан төрт есеге төмен болып шықты. Оның үстіне "Альфа-банктің" бес пайыздық сыйақысы ақшамен емес, активтермен берілетін болды: уақытша әкімшілікпен келісіп банк сыйақыны жылжымайтын мүліктен не активтерден алмақ, алайда оның қайтарымы 100% болмайды. Яғни, шындығына келгенде банктің сыйақысы төмен болады. Дәлірек айтсақ "Альфа-банк" 400 млн теңгеге ғана сене алады.

Бұған реттеуші де риза. Ұлттық банктің тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы Александр Терентьевтің айтуынша, Ұлттық банктің алдында үш міндет тұрды. Біріншіден, жеке тұлғалардың депозиттерін толығымен сақтап қалу керек болды. Екіншіден, "Қазинвестбанктің" есепшотында қалған зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету, үшіншіден, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатын сақтау. Бұл міндеттің барлығы орындалды, алайда заңды тұлғалардың депозиттерін сақтау жөніндегі мәселені шешу керек.

Сонымен қатар активтер құны жағынан 16-орындағы шағын бірақ орнықты банк қарыз қоржынының сапасы төмендеуінен лицензиядан қалайша айрылып қалды деген сауал туындайды. ҚИБ-тың басындағы проблемалар деңгейін бағалай келе, қабылдаушы банктің өкілі "сырттай қарағанда несиені жұмыссыз және бейтаныс көршілерге бергендей көрінеді" деді.

"Қарыздың басым бөлігі банктің үлестес тұлғаларына берілген. Активтерді тапсырып болған соң, қаржылық құжаттарды қосымша зерттейміз, таратылатын топпен айналысамыз, банктің борышкерлерінен несие сомасын өндіріп алу үшін сотқа арыз береміз. Бұл шетелдік ұйымдар емес, ел ішінде тұратындар, яғни активтерді сот арқылы қайтаруға мүмкіндік бар", – деп түйіндеді ҚИБ-тың уақытша әкімшілігінің төрайымы Джемма Зинуллина.

ҚИБ 2016 жылдың сәуір айынан бастап үш тоқсан бойы жөн-жосықсыз ақша таратқан, бұл біраз уақыт. Банктің қадағалау қызметі жағдайды уақытында неге бақылауға алмағаны, акционерлер, тәуелсіз директорлар қайда болғаны және корпоративті басқарма іс жүзінде неге жұмыс істемегені түсініксіз болып қалды.

Әйгерім Сүлейменова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу