Әділет министрлігі Амстердам сотына риза

Марат Бекетаев Анатолий Статидің Қазақстанға қатысты арызы бойынша Амстердамның төрелік сотының шығарған шешімі барлық шетелдік сот үшін үлгі болады деп есептейді.

Әділет министрлігі Амстердам сотына риза

Еске салар болсақ, осы жылдың 23 қаңтар күні Амстердамның аймақтық соты Ұлттық қордың 22 млрд доллар мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастау туралы Ұлттық банктің өтінішін қанағаттандырды. Қаражат молдовалық бизнесмен Анатолий Статидың Қазақстан үкіметіне арыз талабын қамтамасыз ету үшін Bank of New York Mellon Corp шотында бұғатталған болатын.

Анатолий Статидың арыз талабы 500 млн долларды құрап, қазақстандық тарап шетелдік сотқа жүгінді. Оған біріншіден, бұл талап арыз бен бұғатталған соманың сәйкес келмейтіндігі, екіншіден, активтерді бұғаттау туралы шешім шығаруға негіз болған молдовалық бизнесмен тарапынан күмәнді мәліметтердің ұсынылуына байланысты болды.

8 ақпан күні кеңейтілген алқа отырысынан кейін әділет министрі Марат Бекетаев журналистерге Қазақстан үкіметі Амстердам аймақтық сотының шешімі осы іске қатысты басқа шетелдік сот инстанциялары үшін үлгі болатынына үмітті екенін айтты.

"Ұлттық қордың қаражатына қол сұғылмау керек деген шешім шығарған Амстердам сотының нәтижесі бізді таңқалдырды, – деді Марат Бекетаев. – Соттар осы бағыттан таймау керек, сондай-ақ олар 2017 жылдың маусымында Лондон соты шығарған төрелік шешім алаяқтық фактілері негізінде шығарылған, сондықтан мәжбүрлі орындатуға жатпайды деген шешімін ескереді деп ойлаймыз".

Енді әділет министрлігі Анатолий Статиге қатысты сот жүріп жатқан нақты елдің аумағында да төрелік шешім мойындалатынын күтіп отыр.

"Егер, мысалы, Бельгияда өндіріске төрелік шешім алынды. Ал бұл сот тыңдалымы қашан өтетіні әлі белгісіз, – деді министр. – Төрелік шешім өндіріске қабылданып, алдын ала бұғаттау болғаннан кейін біз бірден бұған қатысты арыз жаздық. Қазір Швецияда алдын ала бұғаттау жасалды. Біз қарсы болдық, бірінші инстанция алдын ала бұғаттауды қолдамады. Қайта шағымданатын боламыз. Мәжбүрлеп орындату мәселесі әзірге қаралып отырған жоқ".

Бұдан бұрын Ағылшын соты Анатолий Статидың Қазақстанға қатысты шығарылған шешімін қайта қарауға жасаған өтінішінен бас тартты. http://abctv.kz/ru/news/dengi-ne-k-stati

Еске салсақ, Ұлттық қордың 22 млрд долларын Bank of New York Mellon Corp. бұғаттап тастаумен қатар, осы сот ісіне қатысты "Самұрық-Қазына" қорының KMG Kashagan B.V компаниясындағы 5,2 млрд доллар үлесі де бұғатталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан осы соңғы төрт жылда Статимен және оның ұлымен бастау алған төрелік талқылауға байланысты, сондай-ақ олардың Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Trading Ltd компанияларының төрт миллиард доллардан астам соманы талап ету арызына қатысты шетелдік сот процесіне тартылып келеді. Бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан бұл қаражатты төлеуге ниетті емес екенін, өйткені мұны төлеу туралы шешім Анатолий Статидің тарапынан жалған ақпарат берілгеннен кейін шығарылғандықтан болғанын айтты.

Еркебұлан Қыздарбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу