Ағылшын сәулетшілерінің жобасы Астанада жүзеге аспақ

14188

Астанада ESTY халықаралық компаниясының қаражатына 4-5 жылда тұрғын үй кешенің салу жоспарлануда.

Ағылшын сәулетшілерінің жобасы Астанада жүзеге аспақ

Құрылысты жүргізуде басты мердігер ретінде жақында елордада үй құрылысы комбинатын іске қосқан "Шар-Құрылыс" компаниясы таңдалған.

"Құрама қабырғалар технологиясын пайдалану уақытты үнемдеп, ғимаратқа өзіндік ерекше сәулет береді.Сонымен қатар жайлы бизнес-классты пәтерлердің әр  шаршы метрі үшін бағаны 160 мың мен  200 мың теңгеге дейін төмендетуге  мүмкіндік бар", - дейді, халықаралық ESTY инвестициялық компаниясының директоры Лев Тетин.

Қазіргі уақытта қос компания "Четыре стихии" жобасын жүзеге асыру жөнінде шарт жасасқан. Ағылшын сәулетшілері жобалаған 1  миллион шаршы метр болатын тұрғын үй кешеніне Көктал шағын ауданында  45 гектар аумақ бөлінген.

ESTY компаниясы ТМД мен Таяу шығыс елдерінің құрылыс нарқына инвестиция салумен айналысады.Кеңселері Лондон, Дубай мен Астана қалаларында орналасқан. Бүгінге дейін елордада құны 100 миллион доллар болатын жобаны қаржыландырса, 2020 жылға қарай қаржы сомасын 600 миллион долларға дейін арттырмақшы.

Темір-бетонды құрама қабырғалар шығаратын GLB үй құрылыс комбинаты "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы негізінде салынған.Зауыттың қуаты жылына 200 мың шаршы метр   бетон өнімдерін шығаруға қауқарлы.Оның 50 шаршы метр болатын құрама қабырғалары әлеуметтік нысандарға арналған. Алдағы уақытта өнім көлемін 5оо метрге жеткізу үшін құрал-жабдықтар сатып алу көзделуде.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу