Ақпанда қазақстандықтардың валюталық шығындары үш еселенді

2858

Теңге нығайған тұста шетел валютасымен қош айтысуға асықпаған қазақстандықтар бағам шығынын биылғы жылы 640 млн доллардан 1,9 млрд долларға дейін көбейтіп отыр.

Ақпанда қазақстандықтардың валюталық шығындары үш еселенді

Жаңа девальвацияның қатерлері қазақстандық салымшылар үшін тағы да валюталық шығындар әкелуде. Ақпан айында қазақстандықтар (жеке және заңды тұлғалар) шетел валютасындағы жинақтары қайта бағаланғаннан кейін 1,2 млрд доллардан артық қаражатты жоғалтты. Бұл 640 млн долларды құраған қаңтардағы бағамдық шығындардан екі есеге артық. Осының салдарынан биылғы жылдың басынан бері бағамдық шығын мөлшері 1,87 млрд долларға жетіп үш еселенгенін Ұлттық банктің ақпан айындағы статистикалық есебіне сүйеніп abctv.kz есептеп шығарды.

Ақпан айында екінші деңгейлі банктердегі Қазақстан азаматтарына тиесілі депозиттердің мөлшері 17,04 трлн теңгені құрап, 2,4%-ға (немесе 410,8 млрд теңгеге) қысқарды. Атаулы қаражат шығынының 95%-ға жуығы, немесе 387,2 млрд теңге (1,2 млрд доллардан астам) – теңгенің нығайы нәтижесінде әлсіреген шетел валютасындағы депозиттерді қайта есептеуден туды.

Қазақстан Ұлттық банкінің дерегіне сүйенсек, ақпан айында теңге тағы 4,2%-ға нығайып (қаңтар айында 2,1%-ға нығайған еді), бір АҚШ долларына 312,47 теңге болып белгіленді. Қаржылық реттеуші бағамды белгілеуге қатыспай отыр. Статистикалық мәліметте Қазақстанның Ұлттық банкі 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ішкі нарықта валюталық интервенция жүргізбегені айтылған.

Меншік құрылымы бойынша қаражат шығынына ең көп үлес қосқан корпоративті сектор болды – шығын 3,1% (немесе 305,5 млрд теңге, оның шамамен 192 млрд теңгесі валютаны қайта бағалаудан пайда болды),  9,5 трлн теңге.

Халық ақпан айында банктерге шамамен 88,5 млрд теңге әкелді. Қаражаттың басым бөлігі төл теңгемен салынған – пайда 65,2 млрд теңге (өсім 3,1 трлн теңгеге дейін 2,1%-ды құрады). Одан бөлек, ақпан айында теңге нығайған соң халық 23 млрд теңгеге (шамамен 75 млн доллар) валюта сатып алды.

Алайда валюта қайшылығы ақпандағы жалпы бөлшек жинақтарын 194 млрд теңгеге қысқартты. Осының салдарынан 1 наурызда жеке тұлғалардың депозиттері 1,4%-ға, немесе 105,3 млрд теңгеге азайып, 7,5 трлн теңгені құрады.

Теңгенің нығаюы ақпан айында доллармен жинақталған депозиттердің азаюына елеулі ықпал етті. Осылайша, шетел валютасындағы депозиттер мөлшері қаңтар айында 52,9% (немесе 9,2 трлн теңге) болса, наурыз айының басында 51,5%-ға (шамамен 8,78 трлн теңге) дейін қысқарды.

Арман Жақып 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу