Ақша құнсызданып барады

5137

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,5%-ға дейін төмендетті.

Ақша құнсызданып барады

5 маусым күні Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің шегін +/-1% етіп, 11%-дан 10,5%-ға төмендетті. Бұл шешім реттеушінің ресми сайтында ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің шешіміне сілтемемен жарияланған.

"Жылдық инфляция мақсатты шегінде тұрақтап тұр, халықтың инфляциялық болжамы бірқалыпты, экономикалық белсенділік жанданады делінген. Қазіргі ақша-несие жағдайын есепке ала отырып, әсерлер болмаса инфляция 2017 және 2018 жылдарға бекітілген мақсатты шегінде болады. Экономиканы тым жылдам қалпына келтіру барысындағы инфляциялық қысым мен жиынтықталған сұраныстың қаупі айтарлықтай болады деп бағаланып отырған жоқ", – деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар экономиканы дамытудың (Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 50 доллар болғанда) базалық сценарийін іске асырып және жағымсыз әсерлер болмаған жағдайда "базалық мөлшерлеменің 12 айда төмендеу тренді әлі де жалғасуы мүмкін" екені айтылады.

Бірақ реттеуші "нақты пайыздық базалық мөлшерлемені экономикалық өсімнің ұзақмерзімдік ықтимал қарқынына тең деңгейде ұстау үшін" қолдау көрсететініне  сендірді. Бұл жыл соңына дейін мөлшерлеменің төмендеу әлеуеті тіпті базалық сценарийде 10% немесе бір мезетте 50 базистік көрсеткішпен шектеледі деген сөз. Ал өте қолайлы жағдайда "базалық мөлшерлемеге қатысты консервативті тәсіл" қолданылады деп болжанып отыр.

Айтпақшы, 2017 жылдың мамырында Қазақстанның жылдық инфляциясы 7,5% болған, ал еліміздің ұлттық экономика министрлігінің биылғы ЖІӨ-нің өсу болжамы 2,5% болды.

Дүниежүзілік банк 17 мамырда жаңартылған баяндамасын жариялаған болатында. Онда ол Қазақстанның ЖІӨ бойынша болжамын қайта қарап, оны биыл 2,2%-дан 2,5%-ға дейін өзгертіп, 2,4% болады деген. Сонымен бірге алдағы үш жылда (2017-2019 жылдарда) экономиканың нақты өсімі 3%-дан асады деп есептейді ұйым сарапшылары.

Мөлшерлемені төмендеткеннен кейін ақша-несие шарттары жеңілдеді деп отыр Ұлттық банк, демек арзан теңге мен төмен мөлшерлеме бірлесіп несиелеуді қарқындатуға тиіс.

"Бағаға қолдау жасап отырған қазақстандық өндірушілерге теңгенің жете бағаланбаған нақты бағамына қоса нақты пайыздық (инфляцияның шектейтін деңгейіне реттелген номиналды мөлшерлеме 2017 жылға 6-8%  және 2018 жылға 5-7% ) мөлшерлеменің деңгейі төмендейді, бұл банктің несиелік ресурстары сұранысына қолдауды қамтамасыз етеді", – деді  ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Реттеушінің есебі бойынша, экономикадағы іскери белсенділік айтарлықтай жанданған әрі ол инфляциялық қысым көрсетпеген. Экономиканың базалық салалары бойынша қысқамерзімдік экономикалық индикатор сәуір айында соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, 107,1% болды.

"Экономикалық әлеуетке қатысты халықтың арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы экономикалық агенттер күткен жағымды өзгерістердің барын растап отыр. Сондай-ақ тұтынушы сұранысының өсуі біртіндеп қайта қалыпқа түсіп келе жатқаны байқалады. Қаңтар-наурыз айында халықтың нақты табысы 2,4%-ға өскен, бұл әлеуметтік төлемдерге бюджеттік шығынның артқанымен түсіндіріледі. Сыртқы жағдайлар Қазақстан экономикасының өсуіне қолдау болды", – дейді еліміздің қаржыға жауапты мекемелері.

Еске салар болсақ, ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, I тоқсанда ЖІӨ-нің өсуі бір жыл бұрынғы деңгейге жақын 3,4% болған. Алайда сәуір айында Қазақстанның экономикалық көрсеткіші күрт төмендеді дейді Halyk Finance.

Тау-кен өндіру және электрмен қамтамасыз ету саласының өнеркәсіптік өндірісінің өсуі сәуір айында 5,6%-ға түсіп кеткен, ал наурыз айында 12,7%-ға түскен деді инвестбанк. Ал сәуір айында көмір (16,7% м/м), мұнай (4,7% м/м), темір кенін (1,3% м/м) өндіру көлемі айтарлықтай төмендеген.

"Сәуір айының қорытындысы бойынша экономика деректері экономикалық мәліметтердің нашарлағанын көрсетті, сондай-ақ жағымсыз көрсеткіштер нақты секторда да, сол сияқты қызмет көрсету саласында да байқалған. Бұл бір жағынан наурыз айындағы көрсеткіштің жоғары болғанымен және қазандықтарға арналған отынға деген сұраныстың маусымдық төмендеуімен байланысты. Тіпті наурыз айына қарағанда, сәуір айында жұмыс күнінің көп болғаны да сеп болмады", – деді компания сарапшылары.

Олардың пікірінше, экономиканың өсуі шикізат секторымен және шикізаттық емес экономиканың мұнайдың орташа бағасына бірте-бірте бейімделуі арқасында қамтамасыз етіледі.

"2017 жылы экономиканың өсуі 2,5% болады. Экономиканың өсуі сыртқы нарықтағы шикізат бағасына тәуелді болады", – деп қорытындылады Halyk Finance.  

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу