Әлем футболының жұлдыздары "ЭКСПО кубогында" доп тебеді

2545

5-6 тамыз күндері Астанада ардагер футбол жұлдыздары арасында доп додасы өтеді.

Әлем футболының жұлдыздары "ЭКСПО кубогында" доп тебеді

Астанада өтіп жатқан "EXPO-2017" дүниежүзілік көрмесі аясында футбол додасы да өтетін болды. Онда ардагер футбол жұлдыздары өнер көрсетеді. Аталмыш турнирге алты құрамасы қатысады екен. Олар – әлем құрамасы, Германия, Италия, Португалия, Ресей және Қазақстан құрамалары.

Жанкүйерлер мен көрермендер де шет қалмайтын көрінеді. 4 тамыз күні сағат 16:00-де футбол жұлдыздарының қатысуымен баспасөз жиыны өтіп, соңынан қолтаңба алу және суретке түсу сессиялары ұйымдастырылатын болыпты. Ал 6 тамыз күні әлем футболының жарық жұлдыздары балаларға арнап, шеберлік сабақтарын өткізеді екен.

"ЭКСПО кубогына" қатысатын құрамалар екі топқа бөлініп додаға түседі. Бірінші күні топтық ойындар, ал ертеңінде финалдық кездесулер өтеді. Жеребе әлі тартылмаған. Әйтсе де, келетін футболшылардың тізімі белгілі сияқты. Бірақ теңбіл доп жұлдыздарының кейбіреулерімен әлі де келіссөздер жүргізілір жатқанға ұқсайды.

Әзірше төмендегі футбол жұлдыздарының Астанаға келетіні анық секілді. Олардың арасында 1991 және 1994 жылғы "Алтын доп" иегерлері Жан-Пьер Папен мен Христо Стоичков бар. Мұны тіпті шетелдік басылымдар да жарыса жазып жатыр. Сонымен "ЭКСПО кубогына" келетін ардагер футболшылар тізімі:

Әлем құрамасы:

Жан-Пьер Папен (Франция), Христо Стоичков (Болгария), Эрнан Креспо (Аргентина), Гаиска Мендьета (Испания), Кристиан Пануччи (Италия), Яри Литманен (Финляндия), Александр Шовковский (Украина), Азамат Абураимов (Өзбекстан)....

Германия құрамасы:

Мирослав Клозе, Кевин Кураньи, Йенс Леманн, Гвидо Бухвальд, Тим Боровски...

Италия:

Джузеппе Барези, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Анджело Ди Ливио

Португалия:

Нуну Манише, Педро Паулета, Паулу Феррейра, Фернанду Мейра...

Ресей:

Валерий Карпин, Сергей Кирьяков, Роман Широков, Евгений Алдонин, Александр Филимонов...

Қазақстан:

Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Асхат Қадырқұлов, Рафаэль Оразбахтин, Қайрат Әубәкіров, Мұрат Тілешев, Андрей Карпович, Игорь Авдеев, Андрей Финонченко және т.б.

"ЭКСПО кубогы" турнирінің қазылар алқасын Италияның әйгілі төрешісі Массимо Бузакка басқарады.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу