Астана банкі алғашқы IPO-ның қорытындысын жариялады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2907

Акцияларға деген сұраныс күткеннен де зор болды, қайталама сауда нашар өтті.

Астана банкі алғашқы IPO-ның қорытындысын жариялады

Еліміздегі 33 екінші деңгейлі банктің ішінде активтерінің көлемі бойынша 17-орында тұрған Астана банкі алғашқы IPO қорытындысын шығарды. 12 маусым мен 26 маусым аралығында өтініштерді қабылдауға арналған кітапқа 1,2 есе қайта қол қойылған. Бастапқыда 2,5 млрд теңгеге 2,1 млн акция шығару ұсынылған болатын, бірақ ол  Қазақстан қор биржасының сауда жүйесіне өтініш қабылдаудың аяқталар сәтінде 1831 өтініш келіп түсуінен жиынтық сұраныс 7,5 млрд теңгеге асып кетті. Қол қою нәтижесі бойынша жалпы құны 6,5 млрд теңге болатын 5,6 млн дана акцияны сатып алуға 1798 келісім жасалған. Акциялардың 85%-ын жеке инвесторлар сатып алған. Жеке тұлғалармен берілген өтініштердің орташа көлемі 4,2 млн теңгені құрады.

Сұраныс айтарлықтай болғанмен де, эмитент акция бағасын көтермей, индикативтік деңгей 1150 теңгеде қалдырылды. Астана банкі өкілдерінің abctv.kz-ке айтуынша, баға қаржылық кеңесшімен мақұлданған, сондықтан эмитент акцияны орналастыру бағасын көтермей, орналастыру барысында акциялардың санын арттыруды дұрыс деп шешкен.

"Фридум Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры, жобаның қаржылық кеңесшісі, андеррайтер және маркет-мейкер Тимур Турлов инвдикативтік баға жеке инвесторлардың келіссөзі арқылы белгіленеді, сондықтан жаңа жеке акционерлер дисконт түрінде басымдық алады дейді.

"Алдын ала маркетиинг кезінде бұл баға мен дисконт инвесторлар үшін тартымды болатынын түсіндік, әсіресе, банктің келесі жылы іске қосатын  стратегиясын есепке алатын болсақ, онда мүлдем "тиімді болады, – деді Тимур Турлов. – Банк өз капиталынан кем болмайтынына сенімдіміз. Осының арқасында клиенттер инвестицияларына жақсы апсайд алатын болады, ал жағдай бұдан да жақсы өрбитін болса, банк салымдары пайызынан айтарлықтай айырмашылығы бар кірісті ала алады. Мұның барлығы Астана банкі депозитіне қаржы салу арқылы іске асады".

IPO барысында Астана банкі иелерінің мажоритарлық құрылымы өзгерген жоқ. Олжас Тоқтаров  бұрынғыша бақылаушы акционер болып қалды. Сәуірдің басында оған акциялардың 56,9%-ы тиесілі болған, қазірдің өзінде ол осы ұстанымды сақтап қалып, акцияларды орналастыру барысында екі млрд теңгеге акция сатып алған. Есесіне миноритарлықтың саны өскен. Оның үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының 0,3%-0,5%-нан аспайды. Құрылымның иелері туралы толық ақпарат акционерлердің жаңа тізімі құрылғаннан кейін жарияланады. Сол кезде оның депозитарлары банк акциясының қандай үлесін алғаны түсінікті болады. Еске сала кетсек, банк мамыр айында қосымша эмиссия шығарып, жарияланған қарапайым акциялардың санын 32 млн данадан 100 млн данаға дейін арттырған.

Бүгінгі күннен бастап KASE-нің биржалық жүйесі Астана банкінің акцияларының қайталама саудасы ашылды. 1250 теңге бағасымен 8299 дана сатуға шығарылған. Сауда басталған кезде баға бір акция 1200-1250 теңге болып, алғашқы саудада 1200 теңгеден 1,2 млн теңгенің акциясы сатылған. Банк акцияларына деген сұраныс аз болды да, 16 мың акцияны 1175,87 теңгеден сату қанағаттандырылмай қалды. Сатып алу бойынша өткен бірінші келісім 1199,2 теңге деңгейіндегі тепе-теңдікті көрсетіп, 444 акция сатып алынған. Алматы уақытымен 14.00-де акция бойынша баға белгілеу мынадай болды: сұраныс – 1200 теңге, ұсыныс – 1204,99 теңге, орташа баға 1219 теңге деңгейінде белгіленген. 13,8 млн теңге көлеміндегі  11,5 мың акцияға келісім жасалған. Келісімнің көбісі 1200-1201 теңге бағасымен жасалды. Осының нәтижесінде инвестициялардың кірісі бес күн ішінде 4,3% болған.

Банктерді сатып алуға бола ма?

Маусым айының басында басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаев Астана банкі бизнесті дамытуға арналған инвестициялық капиталды тарту ойы бар екенін айтқан болатын.

"Инвесторлардан тартылған ақша банк өнімін, IT- инфрақұрылымын және клиенттік базаны дамытуға жұмсалатын болады. IPO – бұл дұрыс қадам, біз жеке инвесторлар арасында акцияларды орналастыратындай нарықтық тартымдылық пен дамуға жеттік", – деді Ескендір Майлыбаев.

Банк мобильді банк түрінде өсіп, өзінің бизнес-моделін офлайн-желі бөлімінен онлайн-мобильді қызмет көрсетуге көшіріп, Қазақстанның барлық жеріне жеткізуді ұсыну арқылы карточкалық бизнесті ілгерілету, яғни карточкалық сегментте техникалық қызмет көрсетуге ниет білдіріп отыр. Бүгінгі күні шамамен 300 мың клиент банк карточкасын пайдаланады, ал банктің карточкалық базасы ай сайын 10%-12%-ға өсуде. 2017 жылдың  соңында банк 500 карточкаға өтініш қабылдайды, ал 2019 жылы Астана банкі мобильді банкті қолдану арқылы дистанциондық қызмет көрсету бойынша көшбасшы орынды алады жоспарлануда.

Несие беру саясаты жайлы айтар болсақ, ол микро- және шағын бизнестің қамтылмаған сегментіне бағытталған. Несие беру саласында банк қазіргі уақытта шағын несие ұйымдарымен жұмыс істейтін ЖК сегментіне несие беруді мақсат етіп отыр. Бұл бағытта банк 8% үлеске қол жеткізіп, несие қоржынын 25 млрд теңгеге дейні жеткізуді жоспарлаған. ШНҰ нарығы мен жалақыға дейін қарыз беретін ұйымдар жылдам өсіп отырған ұйым екенін айтып кету керек, бірақ та ешбір банк құрамына кірмейді, сондай-ақ Ұлттық банкпен бақыланбайды. Бірақ та банктің несие беруіне қарағанда жылдам өсіп келеді. Банктер қаржы техникалық компаниялар клиенттерін бәсекелес санамағанмен, бәсекелестің бар екені анық.

Қазіргі уақытта банк Қазақстанның бес өңірі – Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Қарағанды да жұмыс істейді. Ал бұл Ұлттық банктің статистикасында Астана банкінен жоғары тұрғандармен салыстырғанда аз. Осыған байланысты Астана банкі бір қалада бірнеше филиал ашқанша, өңірлерде филиал ашпақшы. Онлайн жүйесіне көшу желіні ұстап тұру шығынын азайтады, ал комиссиялық кіріс қазіргі шығынның орнын жабу керек. Астана банкі облиацияларын ұстайтын өкіл – BCC Invest компаниясының инвестициялық есебіне сай 2017 жылдың 31 наурызында банктің жалпы әкәмшілік және басқа да шығындары жылдық мәнде 2,5 есе өсіп, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 1,4 млрд теңге болған. Нәтижесінде бірінші тоқсанда банктің таза табысы 203 млн теңге болған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 27,7%-ға төмен. Пайыздық және комиссиялық кірістің оң динамикасына қарамастан, жалпы әкімшілік  шығындарды арттыру салдарынан таза пайда көрсеткіші 2016 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда төмендеген.

Банктің таза пайыздық кірісі 2017 жылдың I тоқсанында былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе артып, 3,3 млрд теңгеге жеткен. Пайыздық кірістер 59%-ға, яғни 8,8 млрд теңгеге дейін, ал пайыздық шығындар 22,7%-ға, 5,5 млрд теңгеге дейін өскен.

"Ақшаның қозғалысы туралы есепке сәйкес, кіріс және шығын туралы есепте қолма-қол ақшамен жиналған пайыздық кіріс 85% болған. Жалпы пайыздық кірістің жиналу деңгейі жақсы", – делінген BCC Invest есебінде.

Ал банктің акциялары инвесторларға қаншалықты қызықты екені бұл басқа мәселе. Ұлттық банк есебіне сәйкес, жылдың басынан бастап банк активтері қысқарып, экономикаға несие беруі азайған. Тұтынушылық қарыз және ШОБ қарызы тек 1,9%-ға ғана артқан. Бұл үкіметтің ШОБ секторына мемлекеттік бағдарлама мен банктердің халыққа несие беруді қалыпқа келтіргісі келетінін пайдалану арқылы қаржылық ресурстарды біріктіруге күш салуына қарамастан болып отырған жағдай.

Қазіргі уақытта шағын және орта банктерді қызықтырып отырған ШОБ-ға несие берудің нашар өсуі проблемасы – несиені айналымға кететін қаржы ретінде қысқа мерзімге алудан туындап отыр. Инвестициялық бағдарламалар тиімді бағамен ұзақмерзімді ресурстарды талап етеді, ал мемлекет мұны бере алмайды. Ал депозиттер қысқа пассив, ол банктің экономиканы ұзақмерзімді инвестициялық жобаға несие беруіне мүмкіндік бермейді. Депозиторлар болса тұрақты және сенімді депозиттерге қарамастан, жаңа кіріс көздерін іздеуде. Жылдың басынан бастап банктердің міндеті 3,5%-ға азайған. Оның ішінде банк клиенттерінің салымы 4,1%-ға, заңды тұлғалардың салымы  4,9%-ға, жеке тұлғалар салымы 3,2%-ға азайған.

Несие беруге бағытталған банктік бизнес тұрғысынан  және банк нарығында болып жатқан оқиғалар тұрғысынан алып қарайтын болсақ, банкті сатып алу тиімсіз. Егер банк қоржынына реформа жасап, өсу үшін жаңа қор көзлерін қарастыратын болса, онда әңгіме басқа.

IPO – болашақ табысты сатамыз

Астана банк активтері 1 маусымда 393,5 млрд теңге болған, оның 48%-ы – бұл қарыз қоржыны. Осыдан көріп отырғанымыздай, активтердің өсуі шамалы 0,8% ғана. Осы уақыт ішінде Астана банкінің бәсекелестері несие қоржынын қысқарту есебінен активтердің сенімді өсуін көрсетіп отыр. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап 2017 жылдың 1 маусымы аралығында Qazaq Banki  активтері 42,8,%-ға өскен, ал активтердегі қарыз үлесі 75,5%-дан 63,9%-ға дейін қысқарған. Қытайлық инвесторлар бақылауына көшіп, қытайлық клиенттермен және цифрлық банктік технологиямен жұмыс істеуге басымдық жасап отырған   Altyn Bank өз активтерін 16,8%-ға,  376 млрд теңгеге дейін арттырып, қарызды 31,8%-дан 24%-ға қысқартқан.  

Осылайша Астана банкі ресейлік еншілес банкпен және қытайлық  "еншілеспен", банкті одан әрі капиталдандыру мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғалар бақылауындағы орташа капиталы бар банктермен бәсекелеседі. Ал Ұлттық банктің жұмыс істеуді тоқтатуға қатысты лицензиялары діл осы жеке тұлғалар бақылауындағы банктерге байланысты болды. Осыдан барып, бұл банк моделінің әлсіз екенін көрсетеді.

Астана банкі өсудің негізгі драйвері – әлеуеті бар жаңалықтар деп есептейді. Ал банк клиенттері банктің дамуы мен банктің пайдасына қатыса алады.

Тимур Турлов банктің корпоративті классикалық бизнесте емес, жеке клиенттер мен технологиялық шешімдер есебінен қазір  жақсы өсіп келе жатқанын айтты. Бұл ретте банктің өсудің үлкен қарқынын сақтап отырғаны да маңызды болып тұр.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу