Астанада 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынған

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4533

Әсет Исекешев елорданың қол жеткізген жетістіктері жайлы айтты.

Астанада 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынған

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Астана күні қарсаңында қала белсенділерімен кездесіп, жиналғандарды салтанатты түрде құттықтады.

"Сіздерді Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке қоғамдық-саяси маңызға ие және әрбір қазақстандық үшін жалпы халықтық мереке болып табылады. Астана Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуының басты белгісі.Осы сәтті пайдалана отырып, Астананы жақсартуға қосқан үлестеріңізге алғысымды білдіргім келеді, Сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында қаламыз бұдан да таза, әдемі болатынына сенімдімін", – деді қала әкімі.

Одан әрі қарай қала басшысы қаланы дамытудың және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелерін сөз етіп, шешімін  табуды қажет етіп тұрған мәселелерді атап кетті.

Мысалы, 2017 жылдың алғашқы бес айында барлық басты әлеуметтік-экономикалық индикатор бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 216,4 млрд теңгеге, тартылған инвестициялар көлемі 265,4 млрд теңгеге артқан. Қаңтар-мамыр айында 1,3 млн шаршы метр баспана беріліп, көрсеткіш 37%-ға өскен. Қалада тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 142 мыңға жеткен, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға қысқарған.

2017 жылдың қаңтар-мамыр айында мемлекет бюджетіне түскен түсімдер көлемі 422,7 млрд теңге болды, оның ішінде республикалық бюджетке 325,3 млрд теңге, ал жергілікті бюджетке 97,4 млрд теңге аударылған.

Алайда шешімін күтіп тұрған мәселелерде бар. Атап айтсақ, мектепке дейінгі мекемелерде орынның жоқтығы және мектептердегі балалардың тығыздығы, инфрақұрылымды жақсарту мен үлескерлер мәселесін шешу қажет.

Содан кейін қала әкімі қалалық мәслихаттың шешімі бойынша "Құрметті азамат" атағын алған төрт  адамды құттықтады. Сонымен бірге әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау саласына және ішкі істер қызметіне еңбегі сіңген 15 қызметкеріне пәтер кілті берілді.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу