Астанада жедел жәрдем машинасы өртеніп кетті

Аскар Чокин Аскар Чокин
2518

Оқыс оқиға жеңіл автокөлікпен соқтығысудың салдарынан болған.

Астанада жедел жәрдем машинасы өртеніп кетті

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) Астана уақыты бойынша шамамен 20.20 - да "Рақмет" СҮ мен "ҚазМұнаГаз" ЖЖС-ның жанында Тілендиев даңғылының бойында орын алған.

ЖКО-ны көзімен көрген Азамат есімді куәгердің  аbctv.kz-ке айтуынша, "ГАЗель" жәдел жәрдем машинасы дабыл белгісін қосып, жолдың қарсы бетіне шыққан. Жедел жәрдем машинасына жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жол берген, тек жеңіл автокөлік иесі мұндай қадамды дұрыс деп санамаған. Салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, жедел жәрдем өртенген.

"Жедел жәрдем көлігі дабыл белгісін қосып алып, жолдың қарсы бетімен жүрді де, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кетті. Жол қозғалысына қатысушылардың барлығы оны өткізе бастады. Бір кезде жедел жәрдемге жеңіл автокөлік соғылды. Бір минут өтпестен, жедел жәрдем жарылып кетті. 5 минут ішінде ол тұтас жанып кетті", – деді ол телефон арқылы берген жауабында.

Жүргізуші мен жолаушылар жанып жатқан автокөліктерден шығып үлгерген.

"Зардап шегушілер болған жоқ сияқты", – дейді оқиғаны көрген адам.

Астана қаласы ТЖ баспасөз қызметі abctv.kz-ке берген жауабында өрттің шығу салдары анықталып жатқанын айтты.

"Жоқ, әлі анықтаған жоқ. Зардап шегушілер жоқ. Ол жерде жол-көлік оқиғасы болған сияқты. Мұнымен одан әрі жауапты адамдар айналысады. Біздің шаруамыз өртті сөндіру. Өрт бөлімшесі жақын жерде орналасқандықтан дер кезінде келіп, өртті сөндірдік", – деді Аягөз Фазылова.

Аскар Чокин, Гүлназ Ермағанбетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу