banner

Автокөлікті тіркеу мен жүргізу куәлігін берудің жаңа ережесі

14329

Қазақстан ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, автокөлікті тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізімі қысқарды, көлікті тіркеу куәлігін ауыстырғанда не жоғалтқанда көлікті қарау тоқтатылды. 

Автокөлікті тіркеу мен жүргізу куәлігін берудің жаңа ережесі

Сонымен бірге, 7 маусымнан бастап жүргізуші куәлігі азаматтардың тұрақты тіркелген мекен-жайына қарамастан, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мекемесінде орналасқан тіркеу-емтихан бөлімшелерінде емтихан тапсырған тұлғаларға беріледі.

Бір қызығы: енді емтиханға өз бетімен  дайындалып,  "А, А1, В, В1" жүргізуші куәлігін алу үшін оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (арнайы ХҚО-лар) мекемесінде орналасқан тіркеу-емтихан бөлімшелерінде тапсыруға болады. Емтихандарды қабылдау рәсімі бұрынғыша: теориялық және тәжірибелік екі кезеңнен тұрады.

Үміткер 40 минут ішінде теориялық емтиханды тапсыруы керек, егер ол 32 сұраққа дұрыс жауап берсе, онда тәжірибелік емтиханды тапсыруға жіберіледі.

Тәжірибелік емтихан кезінде үміткер өз ішінде белгілі бағдар бойынша байланысқан 12 сынақ жаттығуын 20 минутта орындап шығуы керек, жаттығуды орындауда айыппұл балы 100-ден аспауы қажет. Емтихан "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясында жол қозғалысы мекемесінің техникалық құралдарымен жабдықталған автоматтандырылған автодромында тапсырылады. Ол жерде емтихан тапсыру нәтижесі бірден дайын болады.

ІІМ-нің әкімшілік полициясы комитеті атап көрсеткендей, "бағдарламалық қамтамасыз ету – тапсыру нәтижесіне түзетулер енгізуге және емтихан алушының тікелей қатысуына мүмкіндік бермейді".  

Сонымен бірге наурыз айында ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқандай, жол қозғалысы мәселесіне қатысты заң жобасы аясында азаматтардың жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі біткеннен кейін, ЖҚЕ білуге  теориялық емтихан тапсыруды міндеттейтін норманы алып тастау туралы сұрақ талқыланған болатын. Сірә, нәтижесінде бұл норма түзетулерден алынса керек.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу