banner

Әзербайжан үкіметі БЖЗҚ алдындағы ӘХБ борышқорлық міндеттемесін өз мойнына алады

3703

Бүгін Бакуде Әзербайжанның халықаралық банкінің борышқорлық қарызын қайта құрылымдауға қатысты дауыс берудің қорытындысы жарияланды. 

Әзербайжан үкіметі БЖЗҚ алдындағы  ӘХБ борышқорлық міндеттемесін өз мойнына алады

Нәтижелерге сәйкес, несиегерлердің 93,9%-ы Әзербайжан тарапы ұсынған қайта құрылымдау жоспары үшін дауыс берді, оның аясында аға несиегерлерге қайта құрылымдаудың үш нұсқасы ұсынылуға тиіс деп abctv.kz-ке келіссөзге жақын дереккөз хабарлады.

БЖЗҚ ірі несиегердің бірі бола тұра қарыздың нақты сомасын жоғалтпай Әзербайжанның өтеу мерзімі 2032 жылға дейінгі дербес облигацияларына ауыстыруды көздейтін нұсқаны таңдады.

Айта кету керек, аталған нұсқаға аға несиегерлердің 92,3%-ы дауыс берді (Әзербайжан мемлекеттік мұнай қорынан басқа). Яғни БЖЗҚ алдындағы ӘХБ-ның міндетін Әзербайжан үкіметі Ирландия қор биржасында айналымға түсетін жаңа дербес облигациялар эмиссиясын қолдану арқылы толығымен өзіне алады.

Осылайша, Қазақстанның кәсіби келіссөз ұстанымы БЖЗҚ-ға негізгі қарыздың сомасын сақтай отырып, орнына әлдеқайда сенімді және өтімді бағалы қағаздарды алуға мүмкіндік берді.

Естеріңізде, 2014 жылдың қазан айында 250 млн доллар көлеміндегі БЖЗҚ активтері 10 жылға және 8,25% мөлшерлемемен Әзербайжан Халықаралық банкінің қарыздық бағалы қағаздарына салынған болатын. 2017 жылдың  мамырында ұзаққа созылған валюта дағдарысын желеу еткен ӘХБ сыртқы борышқорлық міндеттемелері бойынша төлем жүргізуді тоқтатындығын хабарлап, оларды қайта құрылымдауды бастама еткен еді. 

Сонымен бірге БЖЗҚ-ның ӘХБ облигацияларына салынған инвестициялары дағдарыс кезеңінің алдында іске асқанын атап кеткен жөн. Бұл қағаздар сатылған кезден бастап БЖЗҚ купондық сыйақы есебінде 51, 6 млн доллар алған. Осылайша, теңгемен алғанда БЖЗҚ өтеу кестесінде көзделген мерзімнің төрттен бір бөлігінде ғана инвестициялық қаражаттың 40%-ын қайтара алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу