Бағамнан туындаған тапшылық

3881

Маусымда мұнай бағасының 50 доллардан төмен болуы ел бюджетінің I жартыжылдықтағы кіріс бөлігіне әсерін тигізді.

Бағамнан туындаған тапшылық

Еліміз бюджетінің кіріс бөлігі 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында 101,8%-ға (немесе 87,27 млрд теңгеге артығымен орындалды) орындалып, 5,01 трлн теңге деңгейіне дейін жетті. Кірістің шамамен 64,3%-ы – салықтық түсімдер, ол жартыжылдықтың жоспарынан 3,9%-ға (немесе 120,2 млрд теңге) асып түскенін abctv.kz E-Minfin сараптама орталығының айлық есебінен аңғарып отыр.

Есептік кезеңдегі салықтық емес түсімдер158,9 млрд теңге және негізгі капиталды сатудан мемлекеттік қазынаға түскен табыс 27,8 млрд теңге болған. Бұл жоспарланғаннан 2,5 есе және 1,5 есе артық. Ұлттық қордың трансферттері 1,6 трлн теңге болған. Ал жоспарланғаны 1,74 трлн теңге болатын. Яғни жетпей қалған 136,8 млрд теңге салықтық және салықтық емес түсімдердің есебінен жабылған.   

Мемлекеттік бюджет құрылымындағы республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау 99,3% (жоспарланғаны 4,12 трлн теңге болған, ал нақты түскені 4,095 трлн теңге) және 107,4% (жоспарланғаны 2,13 трлн теңге ал орындалғаны 2,29 трлн теңге) болған.

Осылайша жоспардан артығымен орындалған 120,9 млрд теңге салықтық түсімнің 77,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттің ЖТС-тан (кіріс 23,5 млрд теңгеге, 376,8 млрд теңгеге дейін артығымен орындалып отыр) және әлеуметтік салық сияқты төлемдерінен жинақталды. Жергілікті бюджеттің нақты кірісі 951,5 млрд теңге болды, ал болжанғаны 873,6 млрд теңге еді.

Республикалық қазынаға түскен қазыналық түсімдер 2,26 трлн теңге болған. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 1,9%-ға (немесе 42,3 млрд теңгеге) артық. Алғашқы жарты жылдықта жоспардан артығымен түскен түсімдердің (3,9%-ға немесе 28,5 млрд теңгеге артығымен орындалған) негізгі бөлігі 761,4 млрд теңге ҚҚС есебінен толығып отыр.

Осы жылы бюджеттің кіріске қатысты жоспары екінші ай қатарынан орындалмай қалды. Еске салар болсақ, abctv.kz сәуір айында теңге нығайып, "қара алтын" бағасы тұралап тұрған кезде республикалық қазына айлық кірістің 8%-ын жинақтай алмағанын айтқан болатын.

Сәуір айында теңге бағамы ең жоғары орташа айлық бағамды көрсетіп, 312,24 теңге болған еді. Алайда артынша мамыр және маусым айында төмендеп, бір доллардың бағасы 313,51 және 318,42 теңге болғанын Ұлттық банктің статистикасынан көруге болады.

Мемлекеттік бюджет маусым айында жоспарланған 429,9 млрд теңгенің тек 407,3 млрд теңгесін ғана алған. Ашып айтатын болсақ, мемлекетке 22,6 млрд теңге болатын 5,3% кіріс түспей қалды. Маусым айында ел қазынасында 13 млрд теңге немесе жоспарланған 4,7% түсім кем болып қалды.  

Тапшылықтың басты себебі арзандап бара жатқан мұнай болуы мүмкін. Еске сала кетсек, 2017 жылы үкімет бюджетті қайта түзетіп, еліміздің басты қаржылық құжатында Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық өсу бағасы бір баррель үшін 35 доллардан 50 долларға дейінгі арада болады, осыған сәйкес теңге бағамы 360 теңгеден 330 теңгеге дейін жетеді деп белгілеген еді.

2016 жылдың қарашасынан бері маусым айында Brent маркалы мұнай бағасы бірінші рет 50 доллардан төмендеп, 47,91 доллар болды. Теңгенің үш пайызға құнсыздануы бюджет жағдайын жақсарта алмады. Орташа айлық бағам маусым айында  1,6%-ға дейін түсіп, 318,42 теңге болды.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 23,1 млрд теңге болды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,7%-ға артық болды деп мемлекеттік статистика комитетінде көрсетілген. Оның ішінде экспорт 34%-ға, 14,85 млрд долларға дейін, ал импорт тек 13,1%-ға, 8,25 млрд долларға дейін ғана өскен. Импорттың өсімінің баяулауы Ресеймен сауда-саттыққа әсер етпеді, керісінше импорттың көлемі 35,6%-ға, 3,27 млрд долларға дейін өскен. Қазақстаннан Ресейге шыққан экспорт осы кезеңде тек 32,3%-ға, 1,43 млрд долларға дейін ғана өскен.

10 мамыр күні Ұлттық банк елдің 2017 жылдың алғашқы тоқсанына арналған төлем балансы бойынша алдын ала болжанып отырған мәліметті жариялаған болатын. Қазіргі операциялардың шот тапшылығы 1,1 млрд доллар болған бұл өткен тоқсандағы 2,8 млрд долларға және 2016 жылдың алғашқы тоқсанындағы 1,2 млрд долларға қарағанда жақсы.

Алайда Ұлттық банктің есебінен осы жылдың алғашқы тоқсанына арналған нақтыланған есеп шот тапшылығының 1,1 млрд доллардан 1,44 млрд  долларға дейін төмендегенін көруге болады. Сауда балансының прфициті 4 млрд доллардан 4,29 млрд долларға дейін өскен, ал шетелдік инвесторларға төленетін кіріс 4 млрд доллардан 4,43 млрд долларға өскен.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу