Бірінші жартыжылдықта қолданыстағы шоттағы тапшылық 25%-ға қысқарды

3264

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда сауда теңгерімінің оң сальдосы екінші тоқсанда импорттың қарқынды өсуіне байланысты 1,7%-ға қысқарды.

Бірінші жартыжылдықта қолданыстағы шоттағы тапшылық 25%-ға қысқарды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қолданыстағы шот операцияларының тапшылығы 25,8%-ға немесе 2,94 млрд доллар деңгейіне дейін қысқарды. Бұл – ҚР Ұлттық банкі таратқан дерек. Ал бір ай бұрын Ұлттық банк алдын ала бағалау бойынша шот тапшылығы 30%-ға немесе 2,6 млрд долларға дейін қысқарғанын мәлімдеген болатын.

Түзетулер шетелдік тікелей инвесторлардың кірісін өтеу туралы деректерді 8,1 млрд доллардан 8,4 млрд долларға дейін нақтылап берді. Бұл жағдайда шетелдік тікелей инвестициялар бойынша капиталдың таза ағыны алдын ала келтірілген 4,1 млрд доллардан 3,16 млрд долларға дейін қысқарды. Бұл шетелдік тікелей инвестициялар бойынша инвесторлардың қайта инвестициялаудан түскен табыс көлемінің қысқарғанын немесе үлестес тұлғалар алдындағы компанияаралық қарыздың қысқарғанын көрсетеді.

Әлемдегі мұнай бағасының өсуі және Қашаған кен орнындағы өндірістің іске қосылуы шетелдік тікелей инвесторлардың төлемі бойынша валюта жылыстауының өсуіне ықпал етті. 

Биылғы жылдың маусым айының ортасында Қазақстанның Ұлттық банкі аталған трендті зерттеп, мынадай қорытындыға келді: тіпті мұнайдың баррелі 70 доллар деңгейінде болса да, орта мерзімді әлеуетте қолданыстағы шоттың оң сальдосы тіркелуі мүмкін емес. Мұның бәріне негізінен қара алтынды сатудан және ірі мұнай-газ жобаларындағы инвесторларға төленетін төлемдерден түсетін экспорттық түсімдердің өсімі арасындағы қатаң корреляция себепші.

Бірінші жартыжылдықта Brent сұрыпты мұнайдың баррелінің әлемдік бағасы 52,2 долларды құрады. Ал 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы баға барреліне 40,2 доллар еді. Мұнай бағасының 30%-ға өсуі физикалық өндірістің өсімімен қатар, биыл Қазақстандағы экспорттың 36,2%-ға немесе 6,2 млрд доллардан 23,4 млдр долларға дейін ұлғаюына алып келді.

2017 жылдың жартыжылдығында тауарлар импорты жылдық деңгейден 16,8%-ға (2,13 млрд долларға), 14,8 млрд долларға дейін өсті. Барлық негізгі тауарлар тобы бойынша да өсім байқалды. Ұлттық банктің хабарлауынша, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларында анық байқалған.

2016 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда теңгерімі 8,5 млрд доллар болған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішінен екі есе (4,12 млрд долларға) көп. Алайда осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы соңғы жылдар ішінде алғаш рет бұрынғы тоқсан көрсеткішінен төмен болды, бұған импорттың озық динамикасы себеп болып отыр.

Ел бойынша 70%-дық өсуді, яғни  32% немесе 1,48 млрд теңгені Ресейден жеткізілген тауарлар қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде қазақстандық импорттағы Ресейдің үлесі рекордтық дәреже 41,5%-ға жетті, бұл бір жыл бұрынғы 36,8%-дан жоғары. Тамыз айының ортасында теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 6,3%-ға әлсіреп, 5,55-дан 5,9-ға дейін түскен.

Теңгенің рубльге қатысты төмендеген бағамы Қазақстаннан шикізаттық емес экспорттың динамикасына әсер етеді деп Ұлттық банктің осы жылдың 30 наурызында жарияланған "Бағамды түзету жағдайындағы Қазақстан экспорты" атты зерттеуінде  көрсетілген.

Ресейлік импорттың үлесі артып тұрғанда теңгенің рубльге қатысты бағамын қолдан төмендету "импорттың инфляциясына" әкеп соғады. Реттеуші бұл процеске қатысудан бірнеше рет бас тартқан болатын. Тамыз айының қорытындысы бойынша валюталық интервенция 70 млн доллар болды, бұл реттеушінің валюта нарығына қатысуын толық дәрежеде көрсетпей нетто-негізде жарияланған.

Қазақстанға келетін ресейлік импорттың негізін мұнай, мұнай өнімдері, автокөлік, көлік дөңгелектері, құбырлық  және кабельдік өнім, косметика және гигиеналық құралдар сияқты тауарлар құрайды.

Еркебұлан Қыздарбек, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу