Былтыр "ArcelorMittal" 6 млрд табыс тапты

2030

Әлемдегі нөмірі бірінші болат өндіруші 2015 жылы 7,9 млрд доллар шығынға ұшыраса, биылғы таза табысы 1,8 млрд долларға жетті, делінген компанияның хабарламасында.

Былтыр "ArcelorMittal" 6 млрд табыс тапты

EBITDA 6,255 млрд долларға дейін өсті. Таза қарыз 2016 жылы 4,6 млрд долларға азайып, 11,1 млрд долларды құрады.

Бас атқарушы директор Лакшми Митталдың айтуынша, 2017 жылы компания бизнес пен нарыққа жаңа екпінмен кіреді. "2016 жыл  ArcelorMittal үшін алға өрлеу жылы болды, оған нарық шарттарының жақсаруы, "Әрекет бағдарламасы - 2020" және жосықсыз бәсекелестіктің қиындықтарын шешуге бағытталған үкімет жоспарының жүзеге асырылуы септігін тигізді... Біз, әдеттегідей, үш салада алға жылжуға басты назар аударамыз: шығынды оңтайландыру, ұсынатын өнім түрлерін көбейту және сатылым мөлшерін өсіру. Одан бөлек өндірістік қуаттың артылуын ескерсек, адал сауданы қалыптастыру шешуші фактор болып қала береді. Біз әділетсіз сауда саясатын кешенді шешуге шақырамыз", – деді Лакшми Миттал.

Сондай-ақ ArcelorMittal табыс болжамын жариялауды тоқтататынын және акционерлерге дивидент төлемейтінін мәлімдеді. Тапқан табысты компания қарызын өтеуге жұмсайды.

Әлемдегі №1 болат өндіруші 2017 жылғы болат сұранысына болжам жасады. Компания сарапшыларының пайымдауынша, жаһандық нарық көлемінде бұл былайша көрініс береді: АҚШ-та 3-4%-ға көтеріледі (2016 жылғы 1-1,5%-ға азайғаннан кейін), Еуропада өткен жылғы 1,5-2% өсіммен салыстырғанда 0,5-1,5%-ға төмендейді, Қытайда 1,-1,5%-дық өсім 1,0%-ға дейін кемиді.

ТМД елдерінде өсім болмайды деп болжам жасайды компания. Дегенмен 2016 жылы компанияның украиндық "АрселорМиттал Кривой Рог"  бөлімшесі 2008 жылдан бері тұңғыш рет 7 млн тонна болат өндірді. "АрселорМиттал Теміртау" да былтыр соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткішке 3,95 млн тоннаға  қол жеткізді, 3,66 млн тоннасын тұтынушыға өткізді.

Бұл кәсіпорындар бойынша 2016 жылдың қаржылық мәліметі жарияланған жоқ.  Алайда ArcelorMittal ACIS (ТМД және ОАР) 2015 жылмен салыстырғанда  EBITDA-ны екі есеге арттырғаны мәлім болды: былтыр 317 млн доллар болса, енді 678 млн доллар.

Бұл көрсеткіш ОАР-дың бәсекелестік жөніндегі комиссиясы жүргізген тергеуі болмағанда тағы 100 млн долларға артық болуы мүмкін еді. Бұл тексеру сонау 2002 жылдан бастап болат бағасын ұстап тұру үшін елдің металлургия зауыттары өзара сөз байласты деген күдік туғаннан кейін 2008 жылы басталды. Өткен жылдың тамыз айында ArcelorMittal South Africa-ға (AMSA) 1,5 млрд ранд (шамамен 114 млн доллар) рекордтық сомасына айыппұл салынды. 2017 жылдың 17 ақпанында AMSA  болат бағасын белгілеудегі жаңа үлгіні ОАР үкіметімен келіскенін жариялады. Енді ArcelorMittal South Africa ОАР-дың ішкі нарғына бағаны болаттың орташа есептелген импорттық бағасынын шығарып есептейтін болады делінген компанияның мәлімдемесінде.

Ал Қазақстан нарығына келер болсақ, ҚР ұлттық экономика министрігі статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы металпрокат бағасының индексі 39,8%-ды құрады.

Бұл ретте бұған дейін abctv.kz айтып кеткендей, Қазақстанның ішкі тұтынушыларына ұсынылатын "АрселорМиттал Теміртаудың" өнімдері 2016 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында 40-100%-ға қымбаттады, оның ішінде: арматура - 253 доллардан 519 долларға дейін (2 есеге); ыссы илемделген болат - 306 доллардан 561 долларға ( 1,8 есеге); суық илемделген болат - 414 доллардан 614 долларға (1,5 есеге); мырышпен қапталған прокат - 558 доллардан 777 долларға дейін (1,4 есеге); түзу тігісті құбыр - 364 доллардан 592 долларға дейін (1,6) қымбаттады.

"АрселорМиттал Теміртаудың" бизнес-жоспары бойынша 2017 жылы 4,2 млн тонна болат өндіру жоспарланған.  Өнімді жөнелту көлемі 3,871 млн тонна деп бекітілді.

Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу