Delta Bank ірі несие алды

2306

Банктен әрбір екінші салымшы кетіп жатқанда, банк ірі несие алды.

Delta Bank ірі несие алды

"Delta Bank" АҚ 45,6 млрд теңге несие алды, бұл банктің өз капиталының (2017 жылдың 1 ақпанындағы есеп бойынша 57,15 млрд теңге) 77%-ы. Бұл жаңалық 27 ақпан күні несие алушы банкке сілтеме жасалып, Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

Хабарламада көрсетілген мәліметке сүйенсек, несие 22 ақпан күні алынған. KASE нақтылағандай, несие міндеттерді орындау үшін алынған. Несие беруші, несиенің мерзімі, несиенің валютасы, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемесі көрсетілмеген.

Алынған ақшаның жартысы бұдан бұрын техникалық дефолтқа ұшыраған облигациялар бойынша 9,9 млрд теңге негізгі қарызды төлеуге жіберілуі мүмкін. Банк мамандарының хабарлауынша, банк 23 ақпан күні алғашқы облигациялық бағдарлама аясында шығарылған алғашқы облигацияларды шығарудың құнын толығымен төлеген.

Бұл қағаздарды шығару аңдатпасына сәйкес, төлем осы жылдың 18-31 қаңтары аралығында жасалуы керек болатын. Алайда ақпан айының басында тек 469,5 млн теңге купондық сыйақы ғана төленген.

Осы уақыт ішінде банк негізгі қарызды төлеу мерзімін екі рет кешіктірді. Банктің 14 ақпандағы соңғы мәлімдемесінде несие институтының басшысы сыйақыны төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 наурызына ауыстырылғанын хабардар еткен еді.

Табыстылықтың түсімі банкке жаңа акционердің келуімен байланысты болуы мүмкін. Еске салар болсақ, бизнесмен Нұрлан Тілеубаевтың несие ұйымының ірі қатысушысы (49,32%) болғантын.

7 қарашадан бастап халықтың салымын қабылдау бойынша банк лицензиясының уақытша тоқтатылуы салдарынан банктің соңғы айларда өз міндетін атқаруы қиындаған. Бұл салымшылардың кетуі мен табыс тапшылығына әкелді.

2016 жылдың қарашасы мен 2017 жылдың қаңтары аралығында бөлшектік және корпоративтік салымдар 40%-ға (98 млрд теңгеге), 150,3 млрд теңгеге дейін төмендеген. Басқаша айтар болсақ, банк халықтың сақтап отырған 10 қаражатының 9-ын, яғни банктің әрбір үшінші корпоративтік салымшысын жоғалтты.

Қаңтар айында салымшылар "көші" тоқтағанын айта кету керек. Банк өз депозитін тек 2,6%-ға (4 млрд теңгеге), 148,8 млрд теңгеге дейін қысқартты. Халық банктегі салымдарын 25,7%-ға (317 млн теңгеге), 1,54 млрд теңгеге дейін шамалы өсірді.

29 желтоқсан күні Ұлттық банк банктің бөлшектік салым қабылдау лицензиясын мерзімінен бұрын іске қосты. Сонымен бірге S&P хабарламасында "Delta Bank" АҚ акционерлері реттеушімен банктің "капиталдандыру және/немесе табыстылығын қолдау" үшін 20 млрд теңге қосымша қаражат құюға келісім жасағаны айтылған. Транзакцияларды іске асырудың дедлайны – 2017 жылдың қаңтары.

2 желтоқсан күні банк менеджменті 6,66 млн дана қосымша эмиссия есебінен банкті 10 млрд теңгеге қосымша капиталдандыру туралы шешім қабылдады. Банктің 2017 жылға арналған корпоративті оқиғалар күнтізбесіне сәйкес акцияларды ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарықта орналастыру 2017 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Қол жеткізілген оң өзгеріске қарамастан, "дәл қазіргі уақытта банк табыстылығы аса тұрақты емес" деп, S&P қаржы институтының жылдың басындағы қаржылық жағдайын көрсетті. Банктің барлық рейтингі CreditWatch Developing тізімінде орналасқан.

"Delta Bank" АҚ активі жөнінен Қазақстандағы 14-банк. 2017 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қаржы институтының активтері мен несие қоржыны 412,5 млрд және 406,3 млрд теңгеден астам. Мерзімінен кешіктіріліп төленген несие қаңтар айында 80%-ға (30 млрд теңгеге) 7,5 млрд теңгеге дейін (несие қоржынынынан 1,86%-ға) қысқарған. Оның ішінде үмітсіздері 2,04 млрд теңге (банк несие қоржынынан 0,5%). 2016 жылы банктің таза пайдасы 3,27 млрд теңге. Қаңтар айында банк 111,6 млн теңге тапқан.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу