Джон Малкович: "Мен Қазақстанды шарлап шыққым келеді"

4155

"Американың жұмбақ актері" Қазақстанға қайта келді.

Джон Малкович: "Мен Қазақстанды шарлап шыққым келеді"

Джон Малкович "Еуразия" ХІІІ халықаралық конфестивалінің құрметті қонақтарының бірі болды. "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері Стивен Фрирздің фильміндегі Виконт де Вальмонның рөлінен кейін атағы шықты. Джон Малкович атақты "Джон Малкович болу" атту комедия абсудта өз-өзінің рөлін сомдады. Сценарий авторы Чарли Кауфман өз оқиғасы үшін "Американың жұмбақ актерлерінің бірі" ретінде дәл соны таңдаған еді.

Еске сала кетсек, Джон Малкович бұған дейін 2010 жылы Алматыда өткен кинофестивальге келген еді. Бұл жолғы Астанаға жасаған сапарында актер "ЭКСПО" көрмесіне барып, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерімен кездесті, сондай-ақ Ұлттық ана мен бала орталығының онкология бөлімінде емделіп жатқан бүлдіршіндердің жағдайын білді.

Ұлттық өнер университетінің "Шабыт" сарайында Джон Малковичті қошеметпен, ұлттық және классикалық музыка концертімен қарсы алды. Қонақтың алдында "Шабыт" домбырашылар ансамблі, университеттің симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Ал университеттің ректоры Айман Мұсаходжаева Страдивари скрипкасын алып Пабло де Сарасатенің "Наваррасын" орындады.

Осы сәтті пайдаланып университет студенттері Джон Малковичтен өзінің өмір сүру ережелері мен осындай табысқа жету үшін қалай ойлау керек екендігі туралы кеңес беруін сұрады. Актер сәл абдырап қалды.

"Әлем қатты өзгеріп кетті және осы өзгерген өмірге қарай қандай ақыл айтарымды да білмеймін, - деп жауап қатты ол, - мен мансап жолымды бастаған кезде, киноиндустрияға бір елде басты назарға алынып, осыдан соң барша әлемге таралды. Бере алатн жалғыз ақылым: әр түрлі нұсқаларды сынап көріңдер, жұмысқа барынша ден қойындар, дағдыларын үнемі шыңдап отырыңдар. Табысқа қол жеткізесіңдер ме, жоқ па, маңыздысы бұл емес. Өз-өзіңе адал болып, түрлі тәжірибелерден өтуге қаймықпау, тіпті сондай тәжірибелерді ізде, міне осы маңызды. Ең бастысы айтқым келетіні: дамыл таппаңдар".

Джон Малковичтің осындай "ерекше тәжірибелерінің" бірін жұрт қыркүйек айының ортасында көреді, "Махаббат туралы-2. Тек қана ересектерге" атты ресейлік комедиялық фильм көрсетіледі.

"Мен Анна Меликянның "Махаббат туралы" фильмінің бірінші бөлімін көрдім, маған қатты ұнады. Кейін ол Мәскеуде жүргенде менімен және Ингеборга Дапкунайтемен сөйлесіп, бізден фильмнің екінші бөлімінде бір эпизодқа түсуімізді сұрады. Басында Қызыл алаңдағы Ленинді сомдап тұрған имперсонаторды ойнау туралы сөз болған, бірақ кейінірек жоспар өзгеріп, маған басқа рөл ұсынылды".

Джон Малкович әзірге қазақстанның киножобалары оны түсіруге шақырмағанын айтты.

"Қазақстанға алғаш келерімнің алдында ел тарихы туралы көп оқыдым. Дегенмен Шыңғыс хан мен Кеңес дәуірі заманының аралығында не болғанын толық білмеймін. Бар болғаны екі қалада Алматы мен Астанада ғана болсам да Қазақстан маған қатты ұнайды. Осыдан алты не сегіз жыл бұрын досым режиссер Фолькельф Шлендорф жұбайымен бірге Қазақстанды толығымен аралап шыққан, мен де солай істегім келеді. Аралап шығатын да шығармын".

Кинофестивальдің қонағы оның бағдарламасында ұсынылған фильмдермен таныс емес екенін айтты.

"Түсінікті себептермен мен фильмдерді қарамаймын. Мен фестивальдің қозғалысына енгім келер еді, бірақ уақытым тапшы. Әдетте мен мұндай шараларға қатысуға қолым тимей жатады. БІрақ биыл соңғы алты жылда бірінші рет бірден екі кинофестивальде әділ қазы боламын, біріншісі Францияда, екіншісі Испанияның Сан-Себастьян қаласында".

"ЭКСПО" көрмесі актердің көңілінен шығыпты. Көрмені тамашалауға бар болғаны екі сағат уақыты болса да, көргенінен таң-тамаша қалғанын айтты.

"Сәулет өнері керемет. Біз Қазақстанның павильонында болдық, энергияның жаңа көздеріне арналған экспозицияларды көрдік. Бұл таңғажайып көрініс. Францияның павильон да өте тартымды болды, роботтарға арналған көрмені және Алматының кеңестік замандағы ғимараттарына арналған көрмені тамашаладым. Бұл мен үшін өте қызық болды, себебі мен өзім де сәулет өнерін зерттеп жүрмін".

Әйгерім Сүлейменова, Ксения Татаринова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу