banner

Эконом класс санатындағы баспанаға сұраныс артып келеді

2648

BI Group-тың еншілес компаниясы 2021 жылы Астанада 250 мың шаршы метрге дейін экономклас санатындағы тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Эконом класс санатындағы баспанаға сұраныс артып келеді

OTAU Development Group (Bi Group холдингінің бөлімшесі, өзін экономкласты арзан тұрғын үй салатын құрылыс компаниясы деп таныстырады) өзінің алғашқы нысаны - Nova City тұрғын үй кешенін 2018 жылдың соңына қарай толығымен аяқтамақшы.

Пәтерлердің бір бөлігі 2017 жылдың жаз маусымында тұрғындарға пайдалануға беріледі. Бұл - мемлекетпен жасалған серіктестік аясында салынып жатқан баспана. Аталған бағыт есебінен шамамен 2000 пәтер немесе 100 мың шаршы метр әдемі әрленген тұрғын үй (бұл барлық нысанның шамамен 50%) салынып, тапсырылатынын айтты журналистермен кездесуде OTAU Development Group-тың бас директоры Андрей Гуцал.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында (жалпы құрылыс салушыларға бар-жоғы 97 млрд теңге мемлекеттік қаражат бөлінді, операторы – "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры) OTAU Development Group жобаның жалпы құнының 80% көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды, бұл – 18 млрд теңге. Жоба құнының 20%-ын құрылыс салушы өз қаражаты есебінен төлейді.

"18 млрд теңге – бұл инвестициялық үстемеақымен қоса 2 жылдық мерзімде мемлекетке қайтарылатын ақша", - деді Андрей Гуцал.

Серіктестік шарттарына сәйкес, әдемі әрленген баспананың 1 шаршы метрінің құны 258 мың теңгеден төмен емес және 288 мың теңгеден жоғары емес бағамен сатылуы тиіс. Бұл тұрғын үй кешеніндегі орташа сатылым бағасы – 260-270 мың теңге.

"Біз үшін бұл төмен маржалы жоба. Біз пәтердің құны қымбаттаса да, сапалы материалдарды қолдандық. Бұл OTAU Development Group-тың жақсы атын шығару үшін ғана емес, сонымен қатар арзан баспана "сапасыз" болады деген түсінікті түп тамырымен жою үшін жасалып отырған қадам. Бүгінде экономкласты тұрғын үй  саласы дамымай, кенже қалып отыр, мұнда бағасы мен сапасы сәйкес келмейтін дабыра сөздер көп. Біз бұл салада өз жолымызды салғымыз келеді", - деді компанияның бас директоры.

Nova City ТК-де шамамен 100 мың шаршы метр тұрғын үй "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысы жоқ  қаржыландыру көздері есебінен салынады. Ондағы пәтерлерді сату әзірге басталған жоқ. Оның нарықтық құны алғашқы кезектегі үйлерден қымбат болмайды. Керісінше құрылыста құрама темір-бетон конструкциялары пайдаланатындықтан оның құны арзан болуы да мүмкін екенін айтады Андрей Гуцал. BI Group эконом класты баспана құрылысы бағытын дамыту мақсатында Қарағанды қаласындағы үй құрылыс комбинатының (ҮҚК) үлесін сатып алғаны белгілі.

"Біз ҮҚК-ден үлес сатып алып қана қоймай, өндірістік қуаттылықты кеңейту мәселесін де қарастырып жатырмыз. Nova City ТК-де құрама темір-бетон конструкциясымен жалпы көлемі шамамен 40 мың шаршы метр тұрғын үй салынады", - деді OTAU Development Group-тың бас директоры.

Оның айтуынша, шамамен екі жылдан кейін OTAU Development Group тұрғын үйдің тең жартысын құрама темір-бетон конструкцияларын пайдалану арқылы салады. Қазіргі кезде 40 гектардан астам аумаққа салынатын екінші нысанға қатысты сұрақтар шешіліп жатыр.

Дина Ермағанбетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу