Ел тұрғындарының 20 %-ы интернет арқылы сауда жасаса ғана "e-commerce" индустрияға айналады

Гүлбаршын Сабаева Гүлбаршын Сабаева
10552

Қазақстанның "fashion-ритейл" мен "e-commerce" сегментінің өкілдері 2017 жылдың қортындысын жариялады.

Ел тұрғындарының 20 %-ы интернет арқылы сауда жасаса ғана "e-commerce" индустрияға айналады

Бас қосуда әлемдік рейтингте ең жоғарғы 200 деңгейлік көрсеткіште 79 орынды қанағат тұтқанымыз белгілі болды.

Сарапшы Виктория Плотницкаяның айтуынша, ең жоғарғы деп саналған алғашқы отыздықтан көріну, біз емес, "fashion-ритейл" мен "e-commerce" нарығы қатар дамыған елдерге де оңай тимеген тәрізді. Себебі, сарапшының пікірінше, қазақстандықтардың басым көпшілігі ақшаны үнемдеу қажет екенін білсе де, құнсызданып қалатындығына алаңдайды. Сондықтан, тұтынушылар қолындағы қаржысын арзанқол тауарларға емес, қымбат тауарларды сатып алуға басымдық берген.

"2017 жылдың үшінші тоқсанында экономикада тұрақтылық басталды. Бірақ тұтынушылардың 16 пайызы киім-кешекке ақша үнемдеуді дұрыс көрген. Тек "e-commerce" нарығы емес, тұтыну нарығының барлық сегментінде үнемдеуге басымдық берілген", – дейді Виктория Плотницкая.  

Виктория Плотницкаяның айтуынша 2017 жыл "e-commerce" мен "fashion-ритейл" сегменті клиентердің санын көбейту емес, қолдағы барын сақтап қалуға мән береді. Себебі, 2016 жылы Қазақстанда тек онлайн емес офлайн саудада да жағдай қалыпты деңгейден 50 пайызға дейін төмендеп кеткен.

"Lamoda.kz" интернет дүкенінің директоры Никита Окулов бұған тек дағдарыс емес, қазақстандықтардың интернет сауда бойынша сатып алынған киімдердің уақтылы қолдарына жететіне сенбейтінін айтады. Бұл басты кедергі екен.

"Тапсырыс түскен соң, жарты немесе бір сағатта жеткізіп берсек, тұтынушылар киім іздеп, дүкен аралап кетпейтін еді. Интернет бойынша тапсырыс берушілердің басым көпшілігі – Алматы мен Астанада. Бұл қалаларда тұтынушының айтқан жеріне, қалаған уақытында жету мүмкін емес. Сондықтан, интернет сауда нүктелерінің қатарын көбейтуге тура келеді. Бұл қосымша шығын, бірақ тұтынушыдан айырылып қалмау үшін қажет", – дейді "Lamoda.kz " интернет-дүкенінің директоры Никита Окулов.

Никита Окулов Қазақстандағы "e-commerce" нарығы Алматы мен Астана тәрізді ірі мегаполистерде ғана жұмыс істейтінін айтады. Өзге аймақтарда әзірге аз. Сондықтан, басым көпшілігі жағдайдың соңы не боларына алаңдап, нарықтағы орнын сақтап қалу үшін болмашы пайдаға жұмыс істеуге дайын екен.

"Бұл тек Қазақстанда емес, Ресейде де сондай. Себебі ТМД елдерінің интернетпен қамтылуы АҚШ немесе ЕО елдерімен салыстыруға келмейді. Қазақстан ТМД елдері арасында экономикасын сандық жүйеге көшіруді қолға алды. Демек, Қазақстанда интернетпен қамтылмаған елдімекен қалмайды. "Е-commerce" нарығының шындап жұмыс істейтін кезі енді келді. Біз үшін маңыздысы тауарды жеткізіп беретін уақытты жылдамдату. "Amazon" немесе "Aliexpress" интернет-дүкендермен бәсекеге түсу қиын. Олардың платформасы барынша жетілдірілген", – дейді "Lamoda.kz" интернет дүкенінің директоры Никита Окулов .

Николай Окуловтың "e-commerce" нарығының БАҚ арқылы жарнамалауына мемлекет мүдделі болуы керектігін айтады. Егер көпшілік арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, журналистер осы тақырыпты жиірек жазса, халықтың көңіліндегі интернет-транзакциясы немесе онлайн-сауда туралы сенімсіздік синдромы сейіледі екен.

"Қазақстанның интернет қауымдастығының" өкілі Бағлан Айдашов интернеттегі коммерцияның дамуын тежеп тұрған фактор банк карточкасын пайдалану деңгейінің төмендегі екенін айтады. 2017 жылы елімізде "e-commerce" нарығындағы транзакцияның тек 22 пайызы ғана банк карточкасы арқылы жүргізіліпті. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалары интернет транзакциясына бейімделмеген. "Тек бірнеше банк қана төлем карточкаларын интернет транзакциясына бейімдеді. Қалғандары дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", – дейді Бағлан Айдашов.

Кез келген ел тұрғындарының 20 пайызы интернет бойынша сауда жасаса ғана "e-commerce" индустрияға айналады екен.

"Біз бұл көрсеткішке 2014-2016 жылдары жетеміз деп үміттенген едік. Бірақ дағдарыс, тұрғындардың төлем қабілетінің төмендеп кетуі кедергі болды", – дейді Бағлан Айдашов.

Бағлан Айдашовтың пайымдауынша, 2017 жылы "e-commerce" нарығында отандық емес, шетелдік ойыншылар басым болған. Әрбір 100 интернет-транзакцияның оныншысы – қазақстандық интернет-дүкендерде, ал өзге 90-ы Қазақстанда тіркелген шетелдік интернет-дүкендерде жүзеге асқан.

"Бұл 90 пайызы шетелдіктердің үлесінде деген сөз. Қазақстандық "е-коммерция" сегментіне дамыған елдердің ірі ойыншылары келе бастады. Олар бизнесте тәжірибе жинақтаған. Демек аз ғана уақыт ішінде ішкі нарықты жаулап алуына мүмкіндіктері де бар. Ал біздің кәсіпкерлер әлі де болса әліптің соңын бағып отыр", –дейді Бағлан Айдашов.

Қазақстандық кәсіпкер Ерлан Оспанов "e-commerce" сегменті қалыпты жағдайда дамып келе жатқанына сенімді.

"Қазақстан ҚХР-ның "e-commerce" нарығымен бірге онлайн-сауданың үлесін көбейтуге ниетті. "Қорғас" халықаралық бекетінде шекаралық электронды сауда платформасы ашылады. Қазір бұл мәселені ҚХР-дағы Қазақстанның төтенші және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев пен ҚХР-дағы алпауыт корпорацияның басшысы Чжан Ян бірге талқылап жатыр. Қазір ел бойынша 2 мыңнан астам дүкен онлайн-сауда жасайды", – дейді Ерлан Оспанов.

Ерлан Оспановтың пайымдауынша "e-commerce" нарығының күні енді туды. Үкімет салық жеңілдіктерін қарастырып отыр. Одан бөлек "жол картасы" да оның көпшілік арасында кең таралуына мүдделі. Қазақстандық сегмент әлсіз деуге болмайды. Қазақстандық бизнес те, тұтыншуылар аудиториясы да электронды сауданың табиғатына бейімделіп қалды. 2017 жылдың қортындысы бойынша Астанада – 16, Алматыда 34 интернет-дүкен тіркелген. Бұл ресми тіркелгендері ғана.

"Жыл аяғына дейін ішкі нарықта отандық ойыншы пайда болып, тек ішкі нарықта емес, көрші елдер нарығындағы ойыншылармен бәсекеге түсуі әбден мүмкін екен. "Бүгін "e-commerce" нарығында қазақстандық 5 мың қатысушы бар деген мәлімет естідім. Ішкі нарықтағы сауданың 70 пайызын сол 5 мың қатысушы-ойыншыдан іріктеліп шыққан 50 кәсіпкер жүргізіп отыр. Олар Қазақстанда жұмыс істейді. Олар "e-commerce" нарығының мықты платформасын қалап жатыр", – дейді Ерлан Оспанов.

Гүлбаршын Сабаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу