Еліміз елорда күнін тойлауда

Дана Иман Дана Иман
2353

Астананың 19 жылдығы кең көлемде мерекеленіп жатыр.

Еліміз елорда күнін тойлауда

6 шілде Астана күні елімізде 2006 жылдан бері тойланып келеді. Осы кезден бастап мереке мемлекеттік деп танылып, қазақстандықтардың демалыс күніне қосылды.
Бұдан бұрын Астана күні 10 шілдеде қала деңгейінде аталып өтетін, себебі 1998 жылдың осы күнінде Астана елдің бас қаласы мəртебесіне ие болды. 
Бүгінгі күні жаңа елорданы тұрғызуға бастама жасаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та туған күнін атап өтуде. Ол 77 жасқа толып отыр.
"Біз экономика, саясат пен мəдениетті кезең-кезеңмен жаңғыртып келеміз. Бұл жұмыстың нəтижесі мемлекетіміздің дамуына бағытталған. Ал бұл дамудың көш басында үнемі Астана тұрары анық. Мұнда сан-алуан мəселенің түйіні шешіледі, оның ішінде жер шарының түрлі аймағында бейбітшілік орнату мəселелері де бар. Біздің бейбітшілікті сақтау, көршілермен дос болу, инвестиция тарту саясатымыз əр Қазақстан азаматының жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған",–деп баса айтты мемлекет басшысы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауда.
Қазіргі кезде Астана бюджеттік донор болып табылады. Елорда мемлекет қазынасына триллион теңге табыс түсіреді.
Қала елорда мəртебесін алған күннен бастап тұрғындар саны төрт есеге артты.Статистика жөніндегі  комитеттің мəліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Астанада ресми түрде бір миллионнан артық адам өмір сүреді.

Əйгерім Сүлейменова, Дана Иман

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу