banner

ЕҰУ Ұлттық олимпиада комитетіне серіктес атанды

3299

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ЕҰУ Ұлттық олимпиада комитетіне серіктес атанды

Өз жұмысында бұқаралық, студенттік және жастар спортты дамытуға басымдық жасап отырған Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті еліміздің ірі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасау туралы келісім жасауды жоспарлап отыр. ҰОК-тың осы мақсаттағы жұмысын іске асыру Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінен басталды. Бейсенбі,16 қараша күні, бұл университет ұлттық олимпиада комитетімен ынытымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.

Жасалған келісім аясында тараптар олимпиадалық қозғалысты және салауатты өмір салтын дамытуға, жастарды рухани және мәдени құндылықтарды оқуға араластыруға көмектесетін бірлескен іс шаралар ұйымдастыруға келісті. Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абылғазин меморандумға қол қою салтанаты кезінде комитеттің міндеттерінің бірі спортты жан-жақты дамыту мен насихаттау, сондай-ақ білім беру мен мәдениет саласының жетекші ұйымдарымен ынтымақтасу екенін атап кетті.

"Бүгінгі күні Қазақстан ҰОК Тимур Құлыбаевтың  басшылығымен олимпиадалық спортты дамытудың жаңа тәсілін іске асырып жатыр, – деді Данияр Абылғазин. – Қазірдің өзінде біз Қазақстанның спорт индустриясының жұмысын одан әрі тиімді етудің жүйелік негізін жасадық. Қазақстан ҰОК президенті спорттағы жоғары жетістіктерге негіз болатын студенттік және бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөледі. Тап қазіргі уақытта Қазақстанның студенттік спорты мен олимпиадалық қозғалысын дамыту мақсатында еліміздің ірі жоғары оқу орындарымен ынтымақтасу туралы меморандум дайындалып жатыр. Қазақстанның көптеген спортшылары білім алған және білім алып жатқан еліміздің үздік университеттерінің бірімен ынтымақтастық жасауды бастағанымызға қуаныштымын", – деп толықтырды ол.   

ЕҰУ-дың проректоры Дихан Қамзабекұлы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру барысында салауатты өмір салтына мән беріп, өскелең ұрпақты жеңімпаз және елдің, өз ісінің  патриоты етіп тәрбиелеуге мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар проректор қазіргі таңда университетте 43 спорт секциясы мен сегіз спорт алайы жұмыс істейтініне тоқталып кетті. Университет басшылығы тағы бір үлкен студенттік спорт кешенін салуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Спорт мерекесі ЕҰУ-дың атақты спортшыларын марапттаумен жалғасты. Университет студенттерінің арасында әлем чемпиондары, Азия чемпиондары, әртүрлі спорт жарыстарының жеңімпаздары бар, солардың бірі ұлттық құрам мүшелері Александра және Екатерина Немич (Азия ойындарының мәнерлеп жүзу жеңімпаздары, 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысушылар), Дана Смағұлова (еліміздің спорттық би чемпионы), Тілек Тоқстасынұлы (дзюдо), Аида Бауыржанов (спорттық гимнастика), Жансая Аширбекова, Әсел марленова, Әлішер Қабдуллаев және басқалары ұлттық олимписда комитетінің алғыс хаты мен университеттің құрмет грамотасымен марапатталды.

Данияр Абылғазин Еуразиялық ұлттық университет  студенттерінің көптеген спорт жетістіктері унивеситеттің жастар спортына қаншалықты мән беретінін көрсетеді деп атап өтті, Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы келешекте университет қабырғасынан тағы да көптеген чемпион шығатынына сенім білдірді. Осы жерде университет студенттері еліміздің атақты спортшылары Данияр Елеусінов, Василий Левит және Гюзель Манюровамен кездесті. Қазақстан ҰОК еліміздің жетекші мәдени ұйымдарымен жұмыс жасауды бастаған. Оның қатарында Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапхана мен Елбасы-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  музей-кітапхана бар. Енді бұлардың қатарын жоғары оқу орындары толтыруда.

Гүлназ Ермағанбетова, Игорь Воротной 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу