ЭЫДҰ ойын ережесінің түсінікті болғанын қалайды

Аскар Муминов Аскар Муминов
19621

Еуразиялық одақта монополиялық сөз байласу күні бүгінге дейін кездеседі.

ЭЫДҰ ойын ережесінің түсінікті болғанын қалайды

Қазақстандағы бағаның дәстүрлі реттелуі бірте-бірте  монополияға қарсы реттеудің тиімді, бірақ бәсекелестік ойынының ережесін сақтамайтындар үшін тиімсіз құралдарымен ауыстырылады. Бұл жайында "Монополияға қарсы нарық субъектілерінің қызметін реттеу: түрлері, механизмдері мен тиімділігі" бәсекелестік жөніндегі II Еуразиялық форум барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Оның айтуынша, монополияға қарсы реттеу аясында Қазақстан қатаң  жазалау шараларынан бас тартып, ескерту жасау тәжірибесіне көшкен. Ол енді тексеруші органдар жазалау емес, тек ескерту және ұсыныс жасап, содан кейін атқарылу барысын тексерумен ғана айналысатынын айтты. Осылайша ең басты нәрсе – мемлекеттік органдардың менталитеті өзгеруде.

"Қазіргі уақытта 30 заңға және заңға тәуелді актілерге тексеру жүргізілді, ал 2017 жылдың аяғына дейін барлық заңнамаға тексеру сондай-ақ энергетика, көлік, логистика және ТКШ қызметтері құнына назар аудара отырып, бизнеске шығын әкелетіндердің түрлерін жаппай төмендету бойынша жұмыс жүргізіледі. Осының нәтижесінде  бизнестің өндірістік емес ауқымды шығындары қысқарып, ресурс үнемделіп, еңбек өнімділігі артып, жалпы бизнес-ахуал жақсарады. Бүгінгі күні нарық субъектілерін бәсекелестік әрекетіне ынталандыруға жағдай жасалған, өйткені монополияға қарсы орган қызметкерлеріне  ескертулерді қолдануға болады, ал нарық субъектілеріне бәсекелестікті бұзуды жою және  қалпына келтіру бойынша ерікті түрде міндеттемелер қабылдауға болады", – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевте өз пікірін ортаға салып, Қазақстан монополияға қарсы заңнаманы жетілдіруге қатысты біршама жұмыс істеп, заңнама ЭЫДҰ-ның бәсекелестік жөніндегі комитетіне қабылданғанын айтты.  

Шенеуніктің сөзінше, монополияға қарсы орган  заң бұзушылықтың кейбір түрлері постфактумға жауап беруден заң бұзушылықтардың алдын алуға бет бұрды. Соған байланысты хабарлама жасау құралдары енгізілді. Атап айтқанда, хабарлама құралы енгізілген. Егер бұрын  монополияға қарсы орган бірден тексеруге шықса, енді алдымен нарық субъектісіне оның іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жібереді және оны субъект өз еркімен жояды.

"Қазір келісімге қол жеткізгісі келетін бизнес субъектілері монополияға қарсы органға келісім жобасының монополия заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтініш жасай алады. Бұл монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзу деңгейін төмендетеді. Енгізілген жаңашылдықтар ең үздік әлемдік тәжірибе мен монополияға қарсы реттеу практикасын ескерген", – деді Азамат Майтиев.    

Одақтың қатысушы-елдерінің сарапшылары ЭЫДҰ аясында монополияға қарсы заңды сақтауға қатысты проблемалар жайын сөз етті.

Арменияның экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы Артак Шабоян Ресей сияқты ірі елдердің нарығында монополиялық сөз байласу әлі де жиі кездесетіндіктен, экономикасы шағын елдерге ЭЫДҰ аясында бәсекелесу қиын екенін айтты. Оның айтуынша, ЭЫДҰ деңгейіндегі мемлекеттердің өндіруші және сауда желілері арасындағы өзара қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі  тиісті адал тәжірибелік кодексін әзірлеу – бұл проблеманы шешуге көмектеседі. Ол  ЭЫДҰ атына қанша сын айтылса да, ұйым құрылғаннан бері бизнестің жанданғанын атап айтты. Оған нақты сандар мен фактілер куә. Мысалы Армения  ЭЫДҚ-ға мүше болғаннан кейін 19 тауарлық нарықтағы иелік ететін импорттаушылар-субъектісінің саны 940-тан 1534-ке жеткен.

Артак Шабоянның айтуынша, ЭЫДҰ-ға мүше-мемлекеттердің бәсекелестік органдары мен монополияға қарсы органдар арасында ынтымақтастық, сондай-ақ олардың бизнес-қауымдастықпен өзара қарым-қатынасы нығайған. Осының нәтижесінде экспорттаушы-армян компаниялары үшін тауар нарығына кірудегі кедергілер азайған, енді Ресей аумағында бөлшектік сауда желілері арқылы армян тауарларын сату жеңілдеген. Сондай-ақ импорттаушы-компаниялар саны мен импортқа шығарылатын тауарлар үлесі артқанын айтты.

Осының нәтижесінде тауар нарығындағы бәсекелестік күшейген. Мұнымен қатар ЭЫДҰ-ға мүше-мемлекеттердің импорттаушы-компанияларының саны да артқан. ЭЫДҰ-ға мүше-мемлекеттерден импорталатын тауарларды сату бағасының төмендеуі – басқа елдерден импортқа шығарылатын тауар бағасының төмендеуіне әсер етті.

Ресейдің монополияға қарсы федералдық қызмет басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин тек 2016 жылдың өзінде Ресейде 4040 монополияға қарсы тексеріс жүргізіліп, заң бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл заң бұзушының табысының 15%-на жеткен. Сонымен қатар заң бұзушылықтың саны  жыл сайын қысқарып келеді, нарықтағы картельдік сөз байласуды анықтау оңайлаған. Бұл тек Ресей үшін ғана тән емес, сараптама көрсетіп отырғандай, мұндай үрдіс ЭЫДҰ кеңістігінің бәрінде бар.

Сондай-ақ Анатолий Голомолзин Ресейдің монополияға қарсы федералдық қызметі қазір Ресейге қатысты ірі әлемдік корпорациясының жосықсыз практикасын түбірімен жойып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, сонымен қатар ЭЫДҰ аясында ірі әлемдік корпорациялардың нарықтағы әрекетін тексеру жүйесін жетілдіру керек. Оған нақты мысал келтіріп, 2010 жылы "үлкен үштік" операторларының Ресей-Қазақстан роумингінде баға белгілеу бойынша монополияға қарсы заңды бұзуы туралы іс тексерілгенін айтты.

2012 жылы роумингтегі халықаралық байланыс нарығын дамыту мәселесі бойынша халықаралық жұмыс тобы құрылған. 2014 жылы Халықаралық жұмыс тобының үшінші отырысында әділ роуминг қағидасы бекітілген. Мұның барлығы ЭЫДҰ аясынан тыс жасау мүмкін болған. Ал қазіргі уақытта бұл процестерді іске асыру оңай.

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу