Футбол додасы енді қалай жалғасады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2288

Қазақстан премьер-лигасында екінші айналым да аяқталды, ендігі ойындар Бергер кестесі бойынша өтеді.

Футбол додасы енді қалай жалғасады Фото: fca.kz, fckairat.com, fcirtysh.kz

Футболдан биылғы ел чемпионаты – жылдағыдан өзгеше. Екі айналымдық жүйе аяқталды, яғни барлық командалар "үйде және түзде" жүйесімен бір-бірімен кездесіп шықты. Биылға дейін екінші айналым аяқталған соң 12 клуб қақ бөлініп додаға түсетін. 1-6 орындағылар жүлдеге таласса, қалғандары 7-12 орындарды сарапқа салатын.

Бірақ бұл жүйе көпшілікті жалықтырды. Әсіресе екінші алтылықтағы командаларға қиын болды. Себебі олар жүлделі орындарға таласқан командалардың көлеңкесінде қалып қойды. Жанкүйерлер назары алғашқы алтылыққа ауып, екінші алтылықтағы доп додасы аса қызықты болмай қалды.

Сондықтан жыл басында биылғы ел чемпионаты үш айналымдық жүйемен өтетін болып бекітілген. Яғни жылдардағыдай, екі айналымнан кейін 12 команда қос алтылыққа жіктелмейді. Үшінші айналымдағы ойындар күнтізбесі жыл басында Бергер кестесі бойынша құрастырылған. Басқаша айтқанда, екі айналымның қорытындысы бойынша, 12 команда өздерінің орналасқан орындарына сәйкес сандармен таңбаланып қойылған.

Осы ретте айта кетейік, екінші айналым толық аяқталған жоқ. ХХІІ турдің бір ойыны кейінге шегерілді. Атап айтқанда, Чемпиондар лигасындағы маңызды кездесуіне дайындалып жатқан "Астанаға" жеңілдік ретінде елордалықтардың "Ордабасы" клубымен өтетін ойыны 7 тамызға шегерілген. Бірақ бұл ойынның нәтижесі турнир кестесіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан үшінші айналымдағы ойындар күнтізбесін түзе беруге болады:

XXIII тур
12-13 тамыз (сенбі – жексенбі)
"Тараз" – "Ақжайық" (6 – 12)
"Қайсар" – "Тобыл" (7 – 5) 
"Атырау" –  "Ертіс" (8 – 4)
"Шахтер" – "Ордабасы" (9 – 3)
"Оқжетпес" – "Қайрат" (10 – 2)
"Ақтөбе" – "Астана" (11 – 1)

XXIV тур
19-20 тамыз (сенбі – жексенбі)
"Ақжайық" – "Ақтөбе" 
"Астана" – "Оқжетпес"
"Қайрат" – "Шахтер"
"Ордабасы" – "Атырау"
"Ертіс" – "Қайсар"
"Тобыл" – "Тараз"

XXV тур
26-27 тамыз (сенбі – жексенбі)
"Тобыл" – "Ақжайық"
"Тараз" – "Ертіс"
"Қайсар" – "Ордабасы"
"Атырау" – "Қайрат"
"Шахтер" – "Астана"
"Оқжетпес" – "Ақтөбе"

XXVI тур
9 қыркүйек (сенбі)
"Ақжайық" – "Оқжетпес"
"Ақтөбе" – "Шахтер"
"Астана" – "Атырау"
"Қайрат" – "Қайсар"
"Ордабасы" – "Тараз"
"Ертіс" – "Тобыл"

XXVII тур
16-17 қыркүйек (сенбі – жексенбі)
"Ертіс" – "Ақжайық"
"Тобыл" – "Ордабасы"
"Тараз" – "Қайрат"
"Қайсар" – "Астана"
"Атырау" – "Ақтөбе"
"Шахтер" – "Оқжетпес"

XXVIII тур
23-24 қыркүйек (сенбі – жексенбі)
"Ақжайық" – "Шахтер"
"Оқжетпес" – "Атырау"
"Ақтөбе" – "Қайсар"
"Астана" – "Тараз"
"Қайрат" – "Тобыл"
"Ордабасы" – "Ертіс"

XXIX тур
30 қыркүйек – 1 қазан (сенбі – жексенбі)
"Ордабасы" – "Ақжайық"
"Ертіс" – "Қайрат"
"Тобыл" – "Астана"
"Тараз" – "Ақтөбе"
"Қайсар" – "Оқжетпес"
"Атырау" – "Шахтер"

XXX тур
15 қазан (жексенбі) 
"Ақжайық" – "Атырау"
"Шахтер" – "Қайсар"
"Оқжетпес" – "Тараз"
"Ақтөбе" – "Тобыл"
"Астана" – "Ертіс"
"Қайрат" – "Ордабасы"

XXXI тур
21-22 қазан (сенбі – жексенбі)
"Қайрат" – "Ақжайық"
"Ордабасы" – "Астана"
"Ертіс" – "Ақтөбе"
"Тобыл" – "Оқжетпес"
"Тараз" – "Шахтер"
"Қайсар" – "Атырау"

XXXII тур
28 қазан (сенбі)
"Ақжайық" – "Қайсар"
"Атырау" – "Тараз"
"Шахтер" – "Тобыл"
"Оқжетпес" – "Ертіс"
"Ақтөбе" – "Ордабасы"
"Астана" – "Қайрат"

XXXIII тур
5 қараша (жексенбі)
"Астана" – "Ақжайық"
"Қайрат" – "Ақтөбе"
"Ордабасы" – "Оқжетпес"
"Ертіс" – "Шахтер"
"Тобыл" – "Атырау"
"Тараз" – "Қайсар"

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу