banner

Головкин рингке Мексика тәуелсіздігі күні шыға ма?

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2437

Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні Мексика майталманы Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жекке шығатындығын мәлімдеді.

Головкин рингке Мексика тәуелсіздігі күні шыға ма?

Бүгін Лас-Вегаста Мексика боксшылары Сауль Алварес пен кіші Хулио Сезар Чавес айқасып, бұл жекпе-жек "Канелоның" жеңісімен аяқталды. Ол 12 раунд бойы үстемдік танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді (120:108, 120:108, 120:108).

Жекпе-жек аяқталысымен, Сауль Альваерс рингте тұрып, енді Геннадий Головкинмен кездестіндігін мәлімдеді. Әрі Головкинді жанына шақырды. Оның осы жекпе-жегін залдан көріп отырған GGG командасы шаршы алаңға көтерілді.

Геннадий Головкин де көпшілік алдында Сауль Альваерспен кездесетіндігін, бұл жекпе-жектің 16 қыркүйек күні өтетіндігін тілге тиек етті. Әрі "қыркүйекте үлкен драма шоуы (Big Drama Show) болады. Бүгінгідей ұлы Мексика шайқасы болады. Айтпақшы, Сауль жеңісің құтты болсын" деді.

Ең соңында "Тағы да Саульді жеңісімен құттықтаймын. Ол мен шаршы алаңда кездескен қарсыластарымның ішіндегі ең үздігі болады. Қыркүйекті күтіңіздер. "Канелоға" не айтамын, қыркүйекте кездесеміз" деп тәмамдады өз сөзін.

Әзірше бұл жекпе-жектің қай жерде өтетіндігі айтылған жоқ. Тек 16 қыркүйек күні өтетіндігі мәлімденді. Бұл жекпе-жектің тизері (қызықтыру жарнамасы) Головкиннің Instagram-дағы жеке парақшасында да тұр. Бүгін Сауль Алварес пен кіші-Хулио Сезар Чавес жекпе-жегінен кейін HBO телеарнасынан да көрсетілді.

16 қыркүйек – Мексика тәуелсіздігі күні. Екі боксшының командасы осы күнді таңдап алыпты. Ал Головкиннің жазда Астанада жекпе-жек өткізетіндігі енді қисынға келмейтіндей. GGG енді қыркүйектегі маңызды айқасына дайындалатын шығар. Әлде Сауль Алварес Сарыарқа төсінде шайқаса ма? Мүмкін бе, жоқ па...

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу