Хакерлер саусақ ізі сканерін қолдан жасай алады

Артур Мискарян Артур Мискарян
3996

Америкалық зерттеушілер саусақ ізі сканерімен қорғалған смартфондарды оңай ашуға болатындығын айтып отыр.

Хакерлер саусақ ізі сканерін қолдан жасай алады

Нью-Йорк және Мичиган штаты университеттерінің зерттеушілері қазіргі смартфондарда қолданылатын саусақ ізі сканерінің осал тұсын зерттеу нәтижесінде жүйені жалған саусақ ізін қолданып, оңай алдауға болатынына көз жеткізген. Зерттеушілер смартфон өндірушілердің құрылғыға мұндай датчикті орнатқан кезде оның қауіпсіздігіне емес, жылдам әрекет етуіне баса назар аударатынын айтады.

Соңғы кездері саусақ ізі сканері тек iPhone және Samsung смартфондарында ғана емес, сонымен бірге Huawei, Meizu, Xiaomi, HTC және басқа бренд құрылғыларында да бар. Құрылғыдағы саусақ ізі сәйкес келгеннен кейін қолданушы тек смартфонның  жадындағы мәліметтерге ғана емес, сонымен бірге Apple Pay, Samsung Pay және Android Pay төлем сервистеріне де еніп кетеді.

Америкалық зерттеушілердің бағалауы бойынша саусақ ізі сканерін компьютер арқылы таңдап алған саусақ ізімен оңай ауыстыруға болады. Зерттеушілер смартфон иесінің саусақ ізіне сәйкестендіріп MasterPrints деп аталатын әмбебап жасанды саусақ іздерінің жиынтығын жасаған. Зерттеу жүргізу кезіндегі 65% жағдайда таңдап алу арқылы смартфон  қорғанысы оңай ашылған. Алайда бұл тәсіл смартфонды нақты пайдаланушыға қолданылмайды, сондықтан зерттеушілер шынайы жағдайда сәйкес келу ойлағанымыздан аз болуы мүмкін дейді.

Саусақ ізі сканерінің осалдығының себебі құрылғы тек өз көлемінің шамасы жететін саусақ ізін сканерлейді. Сондай-ақ смартфонды қолданушылар құрылғы жадына бірнеше саусақ ізін енгізеді. Сол себепті егер бір саусақ ізі сәйкес  келсе, смартфонды ашуға болады.

"Егер сіздің 30 кілтсөзіңіз болатын болса, смартфонды ашқысы келген адам тек соның біреуін ғана таңдау керек болады", – деп түсіндірді зерттеушілердің бірі, Нью-Йорк университетінің Политехникалық институтының ақпараттану профессоры Насир Мемон.

Зерттеушілердің айтуынша, егер он саусақтың әмбебап саусақ ізін жасасақ, онда iPhone-да берілген бес мүмкіндікке 40-50% сәйкестендіруге болады екен.

Apple компаниясында саусақ ізінің сәйкес келуі 50 000 жағдайда 1-еу ғана деп бағалануда. Сонымен бірге компания кілткөз смартфонды қорғау үшін ең тиімді тәсіл екенін мойындап отыр.

Айта кету керек, саусақ ізі сканері  iPhone 5S-тен кейін шыққан смартфондардың барлығында қолданылуда. Неміс хакерлері iPhone 5S смартфонының шыққанына екі күн өтпей жатып-ақ ондағы саусақ ізі сканерін бұзып ашқан.

Артур Мискарян, Гүлназ Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу