Халық банк Қазком туралы: Шешімін таппаған мәселелер бар

2928

Халық банктің Қазкоммерцбанкті қосып алуы жөніндегі келісімді аяқтау белгісіз мерзімге қалдырылды.

Халық банк Қазком туралы: Шешімін таппаған мәселелер бар

"Қазақстан Халық банкі" АҚ тарапынан "Қазкоммерцбанк" АҚ-ты осы жылдың мамыр айының соңына дейін алуға қатысты келісімі беймәлім мерзімге дейін ұзартылды. Бұл жайында сейсенбі, 16 мамыр күні Халық банктің аралық қаржылық қорытындысына арналған дәстүрлі баспасөз конференциясында басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова мәлім етті. 

Халық банк басшысы "ҚКБ-ға қатысты келісімді аяқтаудың бастапқы мерзімі ұзартылғанын", ал бұған қатысты сауалға жауап бере алмайтынын айтты.

"Бүгінгі күні ҚКБ-пен мәмілеге келуі туралы  нақты келісімшарт жасалған жоқ. Жоспар бойынша келісім мамыр айының соңына дейін аяқталуы керектігін, алайда келісім жасау мерзімі кейінге қалдырылып отыр. Қазіргі уақытта ҚКБ жұмысының параметрлерімен танысып жатырмыз. Бұл процесс біз ойлағаннан қиындау болып шықты. Қазір сыртқы кеңесшілерді – инвестор, аудиторларды тартудамыз, сонымен бірге Халық банкпен кеңес жүргізілуде", – деп түсіндірді Үміт Шаяхметова.

Сонымен қатар, банк басшысының айтуынша, келісім конфигурациясы Халық банк пен ҚКБ-ның бірігуін емес, тек ҚКБ-ны алуды ғана қарастырады. Дүйсенбі, 15 мамыр күні ҚКБ-ның баспасөз қызметі көлемді қосымша акциялардың шыққанын айтқан болатын. Яғни жарияланған қарапайым акциялардың саны 1,1 млрд-тан 24 млрд данаға дейін артады. Ал акцияларды орналастыру мерзімі,  тәртібі, бағасы, көлемі кейінірек белгілі болады деді ҚКБ өкілдері.

Бұған дейін Bloomberg өзінің дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, Халық банк  Қазкоммерцбанкті небәрі 1 долларға алып, содан кейін оны 230 млрд теңгеге (шамамен 738 млрд доллар) қайта капиталдандырады деген болатын. Ал қазір Үміт Шаяхметова Халық банк ҚКБ-ның жаңа акцияларының жартысынан көбін сатып алатынын айтты, бірақ нақты санын айтпады.

Сәуір айының басында Қазақстанның Ұлттық банкі ҚКБ-ның еншілесі БТА банкке берілген несиенің сапасын 2,4 трлн теңгеге төмендетіп, осы несие бойынша провизия көлемін 15 есе яғни 52 млрд теңгеден 783 млрд теңгеге дейін  арттыруды талап етті. Қажетті қосымша қорлар көлемі 908 млрд теңге болды, бұл банк капиталының 1 наурыздағы (487 млрд теңге) есебінен екі есе асып тұр.

ҚКБ-тың Кеңес Рақышев бастаған қазіргі акционерлерінің қосымша қаржы іздеуі нарықтың кәсіби қатысушыларының түсінбестігіне себеп болады. Сондай-ақ Кеңес Рақышев пен ҚКБ  еншілес банк БТА акцияларының ақшасын әлі күнге дейін төлеген жоқ дейді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ.

Еске салар болсақ, осы жылдың наурыз айының басында тараптар Халық банктің ҚКБ-тың қадағалау пакетін алу бойынша келісім шеңберін және шартын анықтайтын көптарапты меморандумға қол қойды.  Кейіннен үкімет пен Ұлттық банк бұл келісімді БТА банктің проблемалық несиелерін  2,4 трлн теңгеге сатып алу арқылы қолдауға дайын екендігін айтты.   

Осы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша оның активтері 5,2 трлн теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,8%-ға төмен. Активтердің 47%-ы өтімділігі жоғары активтерге тиесілі. Қысқасы, осы жылдың алғашқы тоқсанында теңгенің ресми бағамы 6%-ға нығайған.

Банктің пайыздық табысы осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға, яғни 49,9 млрд теңгеге дейін артқан. Осы кезеңде банктің таза табысы 68%-ға, 38,48 млрд теңгеге дейін өскен. Ал банк капиталы 6,6%, 710 млрд теңгеге дейін өсті. Жұмыс істемей тұрған несиелердің үлесі 10,2% -дан 10,9%-ға дейін жеткен. Оған АӨК саласына берілген ірі  корпоративтік несиенің мерзімі өтіп кетуі себеп болып отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Султан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу