banner

Халық банкі ҚКБ-ның 96,8% акциясын 185 млрд теңгеге сатып алады

3586

Мәміленің аяқталуы БТА-ның несиесі бойынша ПКҚ-ның траншы мен реттеушінің мақұлдауына байланысты.

 Халық банкі ҚКБ-ның 96,8% акциясын 185 млрд теңгеге сатып алады

"Қазкоммерцбанк" АҚ-ның (ҚКБ) ірі акционерлері, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ АҚ (10,72%) және Кеңес Рақышев(86,09%)  өз үлесінің әр пакетін 1 теңгеге "Халық банкі" АҚ-ға (Халық банкіне) сататыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы abctv.kz-ке ҚКБ пен халық банкінің баспасөз қызметтері бейсенбі, 15 маусым күні хабарлады.

Банктерде айтып өткендей, аталмыш келісімдер мүдделі тараптардың 2 маусым күні қол қойған негіздемелік келісіміне сәйкес жасалды және заңды міндеттемелер жүктейді.

96,8% ҚКБ акцияларының пакетін 2 теңгеге сатып алу құнынан бөлек, халық банк оны 185 млрд теңге сомасында қосымша қаржыландырады деп нақтылап отыр банктің баспасөз қызметі.

"Мәміле аясында (...)  Халық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген реттеушілік талаптарға сәйкес және Казкоммерцбанктің меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін (К1-2) салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін Казкоммерцбанкті 185 млрд теңгеге қосымша қаржыландырады", – делінген баспасөз баянында.

Банктер таратқан хабарламаларға сәйкес, мәміленің аяқталуы енді бірқатар алдын-ала шарттарға байланысты, оның ішінде: БТА активтерін проблемалы кредиттер қорының сатып алуы және БТА банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге берешегін өтеуі, Кеңес Рақышевтың ҚКБ акцияларын Нұржан Субханбердин мен ОАИК-тен сатып алуы және оны одан әрі Халық банкіне сатуы, сондай-ақ реттеушінің мақұлдауы.

Келісім жасау мерзімі осы жылдың III тоқсанында 31 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Бұл келісім Қазақстанның барлық қаржы секторы үшін маңызды болмақ, ол еліміздің банк жүйесін тазалап, ДСҰ-ға кіру барысында жаңа талаптарға сай болу үшін тек Қазақстанның банктерімен ғана бәсекелесетін емес, сондай-ақ елімізден тысқары жерлерде де бәсекелесетін ірі қаржы тобын құруға мүмкіндік жасайды. Келісім жасау мерзімі осы жылдың III тоқсанында 31 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр", – деп атап көрсетті халық банк басқарамасының төрағасы Үміт Шаяхметова. 

Келісім жасалғаннан кейін екі банкте дербес қаржы институты есебінде жұмыс істей береді. Сөйтіп салымшылар, несие берушілер және инвесторлар алдында өз міндеттерін орындауда жалғастырып, банктің біріккенін жоққа шығарады.

15  мамыр күні ҚКБ баспасөз қызметі көлемді қосымша акцияларды шығаратынын айтқан болатын. Осылайша, жарияланған қарапайым акциялар 1,1 млрд данадан 24 млрд данаға артады. Бірақ акциялардың бағасы, орналастыру тәртібі және орналастыру көлемі кейін белгілі болады деп хабарлады ҚКБ.  ҚКБ-ны халық банктің 185 млрд теңгеге қосымша қаржыландыруы шығарудың бағдарлы құны болуы мүмкін. 

Сәуір айының басында Қазақстанның ұлттық банкі ҚКБ-ның еншілесі БТА-ға берген несиелерінің сапасын 2,4 трлн теңге көлеміне түсіріп, осы несие бойынша провизиясы көлемін 15 есе, яғни 52 млрд теңгеден 783 млрд теңгеге арттыруды талап етті. Қосымша қажет превизияның жалпы көлемі 908 млрд теңге, бұл банк капиталының 1 наурыздағы (487 млрд теңге) жағдайынан екі есе асып кетеді", – деп  атап көрсетті халық банк басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың наурыз айының басында тараптар ҚКБ-нің бақылау пакетін халық банкінің сатып алу келісімінің шарттарын анықтайтын, бірақ міндетті күші жоқ көпжақты меморандумға қол қойды. Кейінірек үкімет пен ұлттық банк 2,4 трлн теңге сомасына БТА-ның проблемалы несиесін сатып алу арқылы бұл мәмілеге қолдау көрсететінін білдірді.

Халық банк – Қазақстанның активтер бойынша ірі банкі. Биылғы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша оның активтері 5,2 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 2,8%-ға кем. Банк активтерінің шамамен 47%-ы жоғары өтімді активтерден құралған.

Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында банктің пайыздық табысы 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,3%-ға, 49,9 млрд теңгеге дейін өсті. Ал банктің таза табысы бұл кезеңде шамамен 68%-ға, 38,48 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Банктің капиталы 6,6%-ға, 710 млрд теңгеге дейін көтерілді.
 

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу