Халықаралық қорлардың төмендеуі желтоқсанда тоқтады

31764

Жаңа жыл қарсаңындағы бюджетке түскен жоспардан тыс кіріс ұлттық қордың трансфертін шамамен 1,1 млрд долларға үнемдеуге көмектесті.

Халықаралық қорлардың төмендеуі желтоқсанда тоқтады

Қазақстанның жалпы халықаралық қорлары желтоқсанда 0,2%-ға, яғни 90,77 млрд долларға өсті. Ұлттық банктің ай сайынғы есебіне қарасақ, біршама өсу ең бірінші рет 2016 жылдың қыркүйегінде байқалған.

Актив құрлымындағы резервтің кері динамикасына көбіне ұлттық қордың сыртқы активтері әсер етті. Желтоқсанда қор активтері 34 млн долларға, 61,02 млрд долларға дейін өсті. Мәліметтер алдын ала берілген, реттеушіден анықтау керек.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы қорға тікелей әсер етеді. 2016 жылдың қазан айындағы басты қаржы құжатын нақтылағаннан кейін пайда болған қазынаның жоспардан тыс кірісі қаржы министрлігіне бюджет трансфертін 367,9 млрд теңгеге немесе 1,1 млрд доллардан (KASE-нің 13 қаңтардағы таңғы сессиясының бағамы бойынша 1 доллар 332,02 теңге) астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді.

2016 жылға жоспарланған 3,45 трлн теңге трансферттің орнына тек 3,08 трлн теңге ғана жұмсалған деп осы жылдың басында e-Minfin сараптама орталығының есебінде көрсетілген. 2017 жылы бюджетке жоспарланған трансферт көлемі 3,56 трлн теңгені құрады, оның 3,32 трлн теңгесі ұлттық қордікі.

Қазақстан ұлттық банкінің алтын валюта қоры (АВҚ) 2016 жылы 29,75 млрд доллардан асты. Желтоқсан айында өсім 0,65%-ға, яғни 193 млн долларға жетті. Алайда желтоқсан айына берілген мәлімет те алдын ала жасалған, ол нақтылауды қажет етеді. Желтоқсан айында реттеуші қарашадағы АВҚ көлемінің 29,8 млрд-тан 28,56 млрд долларға дейін төмендеуін қайта қарады.

АВҚ құрылымындағы өсім ұлттық банктің валюталық активінде 1,5%-ға немесе 301 млн долларға, 20,14 млрд долларға дейін болған. Баға жағдаяты қысымының нәтижесінде алтынға салынған актив керісінше 1,1% -ға, 9,61 млрд долларға дейін қысқарған. Finam.ru мәліметіне сүйенсек, алтын құны желтоқсан айында 1,8%-ға – 1173-тен 1152 доллар троя унциясына қысқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу