JAC автокөліктеріне Ресей нарығын жаулаудың тетігі табылды

10714

"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" Ресей нарығы үшін JAC автокөлігін өндірудің айрықша құқығына ие болды, ал KazakhExport оны іске асыруға сауда-экспорттық несиені рубльмен бермек.

JAC автокөліктеріне Ресей нарығын жаулаудың тетігі табылды

"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" автожасау зауыты  "KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-тың қаржылық қолдау тетіктерімен Ресей Федерациясының аумағына JAC маркалы машинасын өндіру мен  экспортаудың  айрықша құқына ие болды.  Бұл уағдаластық бүгін, 8 қараша күні, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың зауытқа бару сапарында қол жеткізіліп, "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС, China National Vehicle Import and Export Company және KazakhExport компанияларының арасында үшжақты меморандум жасалды деп хабарлайды abctv.kz.

Осы қол қойылған құжат негізінде қытайлық China National Vehicle Import and Export Company компаниясы қазақстандық зауытқа  машина құрау және оны Ресейге экспорттау құқығын бере отырып тиісті машина жасау құралдарын жеткізеді. Сонымен бірге бұл келісімнің басты демеушісі – тиістің қаржылық тетікті ұсынған KazakhExport компаниясы.

KazakhExport "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" компаниясына экспортты мемлекеттік қолдау тетігін ұсынды, яғни эскпорттық сауданы ресейлік рубльмен қаржыландырады. Бұл тетік қазақстандық автокөлік өндірушіге өзінің құраған JAC маркалы автокөлігін еш кедергісіз экспортттауға, ал ресейлік сатып алушыға арзан және ұзақ қаржыландыру түріндегі мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Осылайша, KazakhExport автокөліктерді Ресейге жеткізуді қаржыландырады, экспорттаушы төлемді дер кезінде алады, ал импорттаушыға төлем жасау мерзімі ұзартылады", – деп түсіндірді ұлттық компания басқармасының төрағасы Руслан Искаков. 

"Аллюр" компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев елдің экспорттық әлеуетін дамыту – компания жұымысының басым бағыттарының бірі деп атап көрсетті.

"Көршілес нарықта біздің көліктерге деген қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Биыл KazakhExport компаниясының қолдауымен JAC автокөліктерінің алғашқы партиясы Тәжікстанға тиелген. Жобаның жалпы құны – 10,5 млн доллар. Қазақстандық автокөліктер экспортының өсу тенденциясы жалғасатынына сенімдіміз, бұған сандар да дәлел. Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстанның экспорты 3,7 есе өскен", – деп атап көрсетті топ-менеджер.  

Автокөліктер Ресейге қашан жеткізілетіні әзірге айтылмай отыр, бірақ тәжірбие көрсетіп отырғандай, бұл жылдам іске асады. Еске сала кетер болсақ, осы жылдың мамыр айында "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" және "ТәжікстанАзияГруппХолдинг" көлік жеткізуге келісімшарт жасаған. Бір  айдан кейін келісімшарт негізінде зауыт 577,5 мың доллар тұратын 55 JAC S3 маркалы автокөліктің алғашқы партиясын Тәжікстанға тиеді.  Сондай-ақ бұл келісімде  "Бәйтерек" ҰБХ-ның еншілес құрылымындағы KazakhExport қолдауына ие болған.

Kazakh Export –  "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" АҚ-ның еншілес құрылымы. Компанияның  міндеті  – экономиканың басымдыққа ие салаларында шикізаттық емес тауар, жұмыс және қызмет экспорты көлемінің өсуіне қолдау жасау.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу