Қазақстан Bloomberg инновациялары индексіндегі орнын нығайтты

12404

Ресейдің 14 орын жоғалтып, 26-орынға түскені тосын жағдай болды. 

Қазақстан Bloomberg инновациялары индексіндегі орнын нығайтты

Инновациялар индексін есептейтін өлшемдерге ЖІӨ-ні зерттеу мен пайызын әзірлеуге шыққан шығын, өндіріске қосылған құнды жасау, еңбек өнімділігі, жоғары технология  секторындағы компаниялар саны, қызмет көрсету саласының дамығандығы, ғалымдар саны, патент саны кіреді.

Оңтүстік Корея былтырғы жылғыдай жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Бестік құрамына Швеция, Германия, Швейцария және Финляндия кірді. АҚШ өз айқындамасын бір орынға әлсіретіп алған. Ал Жапония бірден үш орын жоғалтып, жетінші орынға түскен. Қытай былтырғы жылғыдан еш өзгермей 21-орында тұр.

Маңызды рейтингтегі ең тосын жағдай – Ресейдің қарқынды төмендеуі болып отыр. Олар 14 орын бірден төмендеп, 26-орынға түсіп қалған.

50 үздік топ құрамына Қазақстан мен Ресейден басқа бұрынғы кеңес одағы құрамында болған елдерден Литва (32-орын), Эстония (33-орын), Латвия (39-орын) және Украина (42-орын) іліккен.

Қазақстан өз деңгейін екі орынға жақсартып, 48-орынға тұрақтады. Біздің елмен қатарлас келе жатқандар Кипр мен Аргентина. Бір қызығы, "Жоғары технология секторындағы компаниялар саны" бағанында Қазақстанда құр сызық тұр. Соған қарағанда Bloomberg бізді таппаған сияқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу