banner

Қазақстан мен Ресей энергетика саласында ынтымақтасады

Аскар Чокин Аскар Чокин
2696

Екі ел ядролық-энергетика саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан мен Ресей энергетика саласында ынтымақтасады

Венада өтіп жатқан халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бас конференциясының 61- сессиясы аясында Қазақстан мен Ресей үкіметтері ядролық-энергетика саласына қатысты  ғылыми зерттеу және әзірлемелер жасау туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ тараптар  Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған ядролық қаруды жою кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімнің хаттамасына да қол қойды.

ҚР энергетрика министрлігі баспасөз қызметінің  хабарлауынша, еуропалық қауымдастық өкілдерімен атомдық энергетикаға қатысты екіжақты кездесу өткен. Кездесу барысында атом энергетикасын  бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде ядролық қауіпсіздік, ядролық технологияны және  ғылыми-техникалық  ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланған.

Еске сала кетер болсақ, 18-22 қыркүйек аралығында  Австрия астанасы Вена қаласында атом энергетикасын бейбіт пайдалану саласындағы жыл сайын халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бас конференциясының 61- сессиясы  өтіп жатыр. Конференция жұмысына МАГАТЭ - ге мүше мемлекеттердің ұлттық делегациясы қатысуда. Сондай-ақ бұл конференцияға энергетика министрінің бастауымен біздің елден де делегация барды. Конференцияда энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның атом энергетикасын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

Конференция аясында Қанат Бозымбаев АҚШ энергетика министрі Рик Перри және Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесіп,  атом энергетикасын дамытуға қатысты негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар "ҚР ұлттық ядролық орталық" РМК және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"  АҚ конференцияда Қазақстанның атом-энергетика саласындағы жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды.

Ядролық қаруды таратпау, келешектегі энергияға деген сұранысты қанағаттандыру, ядролық қауіпсіздікті, ядролық энергетиканы және техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ агенттік жұмысының басқа да маңызды мәселелері Венадағы іс шараның  күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

Гүлназ Ермағанбетова, Аскар Чокин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу