Қазақстандық смартфон жасаушылар "туындысының" тұсаукесері

11736

Sirin Labs компаниясы криптоқорғаныш жүйесі бар Solarin смартфонын ұсынды. Жобаның ең басты инвесторы қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев, ал шифрлеу жүйесін жасаушылар командасының 60 пайызы қазақстандық мамандар. 

Қазақстандық смартфон жасаушылар "туындысының" тұсаукесері

Смартфонның тұсаукесері Лондонда өтті, онда стартап инвесторлары кәсіпкер Кеңес Рақышев, Mobli Моше Хогег фотосервисінің басшысы және экс-кеңесші McKinsey Тал Кохен Solarin криптофлагманын ұсынды.

Смартфонды жасаушылар командасы жобаны дайындаумен екі жарым жыл айналысқан. Компания сайтында смартфонның бағасы туралы ақпараттар жарияланған. Өңдеу материалдарына байланысты қара және титанды ендірме жасалған  корпусты смартфондар   бағалары 13800 доллардан басталады, ал алтынмен ендірме жасалған смартфондар  17400 доллар тұрады. Айта кету керек, бағалар салық есебінсіз көрсетілген.

Компания өкілдері Sirin Labs-те аппараттың бағасын төмендету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сонымен қоса,  жыл сайын бағдарламалық  қамтамасыз етуді жаңартуды және смартфондардың моделдік желісін шығару жоспарлануда.

Жаңа Security Shield-тың қорғаныш жүйесімен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші мамандар жұмыс істеді. Сонымен қатар, смартфон 256-биттік  AES-шифрлеуді қолданады, ол гаджет корпусының артындағы механикалық клавиштермен  іске қосылады.

Смартфон  Android операциялық жүйесі базасында жұмыс істейді, 5,5-дюймдік IPS матрицада рұқсат етілген  2560 × 1440 нүктелі дисплеймен жабдықталған және Corning Gorilla Glass 4 қорғаныш әйнекпен жабылған. Криптофлагманда 4 Гб жедел жадысы, 128 Гб флеш жадысы, 24 мегапикселді камера және  аккумуляторы 4000 мАч сыйымдылығымен, зарядтау үшін USB Type-C порты қолданылады. Смартфон Wi-Fi 802.11ac и WiGig (802.11ad) стандарттарын қолданады және Qualcomm Snapdragon 810 процессорымен жабдықталған.

Сонымен бірге, смартфонның қорғаныш жүйесі хабарламаларды шифрлеу бағдарламасын қарастырады.

Бұдан бұрын қорғалған смартфондар арасындағы флагман канадалық BlackBerry компаниясына тиесілі болатын. Компанияның ақпараттық қауіпсіздік саясаты қолданушымен мәліметтерді берудің жеке каналын және қолданушылық мәліметтер спектрын кеңінен басқару мүмкіндігін ұсынуға негізделеді. Алайда, компанияның серверлері АҚШ және Англияда болуының арқасында еуропалық жоғары лауазымды шенеуніктердің бірқатар әңгімесін американдық арнайы қызметпен тыңдау фактілері анықталғаннан кейін компанияның беделіне нұсқан келді.

Криптоқорғанышы бар құрылғыларға деген қызығушылықтың артуы соңғы кезде Apple компаниясына қатысты жанжалмен байланысты болып тұр. Купертино жасаушылары ФТБ-ға  лаңкестің iPhone-нан мәліметтерді алып беруге  көмектесуден бас тартты. Біршама уақыт өткеннен кейін ФТБ мамандары құрылғының дерек сақтауын өздігінен ашуға мүмкіндік алды.

Мұндай жағдайлардың болуы,  Solarin  Sirin Labs смартфонына  жұртшылықтың және  болашақ тұтынушылардың назарын аударуы мүмкін.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу