Қазақстан халықаралық қорларының көрсеткіші үш ай қатарынан төмендеп жатыр

2943

Ұлттық банктің алтын валюталық қорындағы сапалы активтер үлесі соңғы жылдардағы девальвация кезіндегі деңгейге түсіп кетті.

Қазақстан халықаралық қорларының көрсеткіші үш ай қатарынан төмендеп жатыр

Тамыз айының қорытындысында Қазақстанның жалпы халықаралық қорларының көрсеткіші  90,86 млрд доллар болған, бұл шілде айындағы көрсеткіштен 0,5%-ға немесе 469 млн долларға аз деп ҚР Ұлттық банкінің ай сайынғы есебіне сілтеме жасайды abctv.kz. Реттеушінің статистикалық мәліметтерінен байқағанымыздай, бұл үрдіс үшінші ай қатарынан жалғасуда.

Ұлттық қор активтері мен Ұлттық банктің алтын валюталық қоры (АВҚ) кіретін активтер құрылымы негізінен Ұлттық қор активтерінің есебінен қысқарды. Ұлттық қор активтері тамыз айында 0,8%-ға немесе 57,91 млрд  дейін қысқарған.

Реттеушінің алтын валюталық қоры млн долларға символикалық өсуді көрсетті. Осы уақыт ішінде валюталық активтер 2,6%-ға, яғни 20,95 млрд долларға дейін қысқарғанын атап кеткен жөн. Тамыз айында реттеуші валюталық интервенцияны іске қосты, осының нәтижесінде нетто-негіздегі таза позиция 70 млн доллар болды.

Ал алтын активтері керісінше 4,8%-ға немесе 553 млн долларға, яғни 12 млрд долларға дейін өскен. Finam.ru мәліметі бойынша, тамыз айында еліміздің алтын қоры металл бағасының өсуінен, сондай-ақ жеке сатып алулар есебінен өскен.

Шілде айында Ұлттық банктің валюта міндеттемелер құрылымында сапалы активтер үлесі төмендеген дейді халықаралық валюта қоры мәліметтеріне сілтеме жасаған Halyk Finance өз шолуында.

"Шілде айында сапалы активтер 1,8 млрд долларға (немесе алдағы аймен салыстырғанда 19%-ға), 7,8 млрд долларға дейін төмендеп, 2015 жылмен 2016 жылдың басындағы деңгейге жетті", – деп жазылған Инвестбанк хабарламасында.

Бұл активтер реттеушінің банк алдындағы  валюталық міндеттері мен алтынмен есептелетін активтері кірмейтін ең өтімді бөлігі болып саналады. Сонымен бірге банктер алдындағы міндеттер одан әрі өсуін жалғастырды.

"Халықаралық қорлар мен шартты міндеттердің қарастырылған жылыстауы  5,7 млрд доллар, яғни 8,0 млрд долларды құрады. Қарастырылған жылыстаудың үлкен бөлігін  үш айдан он екі айға дейінгі төлеу мерзімі бар валюталық туынды қаржылық құралдар позициясынан көруге болады. Бұл позияциялар негізінен теңгенің қысқамерзімді өтімділігін ұсыну барысында Ұлттық банктің банктерге беретін валюталық айырбастары деп есептейміз. Сондай-ақ қазақстандық банктердің валюталық депозиттерді орналастыруының өсуінен Ұлттық банктің шартты міндеттері шілде айында  26,3%-ға өскен", – деп көрсетілген Halyk Finance есебінде.

Шартты міндеттердің өсуі Ұлттық банктің есебіндегі ЕДБ-нің валюталық депозиттерінің өсуімен байланысты деп түсіндірді компания сарапшылары. Ал жылыстаулар банктің айырбас-операцияларымен байланысты, яғни "Қазкоммерцбанкті" "Халық банк" АҚ-ға сатудың алдындағы "БТА" акционерлік қоғамының "Қазкоммерцбанк" АҚ алдындағы міндеттерін сатып алу бойынша жасалған келісімдер барысындағы қаражатты конвертациялауға кеткен.

"Алайда Ұлттық банктің өткен айдағы валюталық міндеттемелер бойынша мәліметінің болмауынан, тамыз айында қорлардың валюталық бөлігін 553 млн долларға неге төмендегенін түсіндіру қиын. Реттеушінің шетелдік валютадағы қорлары Ұлттық банк шотындағы банктердің валюталық депозиттерінің азаюынан немесе валютаны биржадан тыс жерде сатудан болуы мүмкін", – деп қорытындылады Инвестбанк.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу